Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2013-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілді. Ол «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың кезекті кезеңі болып табылады және әртараптандырылған экономика негізінде азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Аталған құжатта білім беру жүйесін дамытуға, сонымен қатар жоғары кәсіби білімге ерекше көңіл бөлінген. Мемлекеттің жоғары оқу орындарының, оның ішінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының алдында (одан әрі – Институт) осы құжатта көрсетілген перспективті бағыттарға және оқу орнының нақты мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сүйене отырып, Стратегиялық жоспар ережелерін жүзеге асыруды қосу міндеті тұр.
1. Заманауи жағдайының талдауы
«Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (одан әрі – Институт) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта құруы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы №128 қаулысына сәйкес құрылды.
Институттың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен берілген бакалавриаттың 23 мамандығы бойынша (шектеусіз мерзімге) АБ сериялы, №0137415 мемлекеттік лицензиясы бар.
2005 жылы институт сапа менеджменті жүйесі бойынша халықаралық сертификаттаудан өтті. Сертификаттау аудитінің нәтижелері Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының әзірлеген сапа менеджменті жүйесі халықаралық стандарт ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкестігін көрсетті.
2015 жылғы наурыз-сәуір айларында институт Мемлекеттік аттестаттаудан өтті. 2015 жылғы қарашада институт Тәуелсіз Қазақстандық агенттік өткізген институционалдық аккредиттеуден сәтті өтті. Жоо-ға 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №0063 ІА Куәлігі берілді.
Институт құрылымына 7 факультет кіреді: жаратылыстану-математика; дене шынықтыру, спорт және туризм; психология-педагогика; филология; тарих және өнер; қашықтықтан оқыту; қосымша білім беру факультеттері. 13 кафедра мен екі оқу-тәрбие орталығы оқу үдерісін қамтамасыз етеді.
Факультеттер қызметіне оқытудың кредиттік жүйесі енгізілген, ол білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ынталандырып, жеке білім беру траекториясының таңдаулылығын, ұтқырлығын, академиялық еркіндігін қамтамасыз етіп, білім беру құжаттарының әлемдік білім кеңістігінде танылуына ықпал жасайды.
Институтта 25 оқу зертханасы, 35 мамандандырылған кабинет, оқу шеберханалары (үш цехтан тұратын) оқу үдерісін қамтамасыз етеді.
2016 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында 554 заманауи дербес компьютер мен моноблок жұмыс істейді, оның ішінде 228 ноутбук IntelCore 2 Duo, DualCore, Pentium D, Intel DualCore2, IntelCore i3 класты, бірыңғай жергілікті желіге біріккен және тегін Internet желісі бар. Қазіргі уақытта институтта 4 нүкте іске қосылған:
- Интернеттің 1 нүктелік желісі 100 Мбит/с жылдамдығымен, трафик көлемі – лимитсіз (Таран көшесі 118, Бас ғимарат)
- Интернеттің 1 нүктелік желісі 60 Мбит/с жылдамдығымен, трафик көлемі – лимитсіз (Пушкин көшесі 133, институт жатақханасы)
- Интернеттің 1 нүктелік желісі 20 Мбит/с жылдамдығымен, трафик көлемі – лимитсіз (Пушкин көшесі 136, Ақпараттық-кітапхана орталығы)
- Интернеттің 1 нүктелік желісі 20 Мбит/с жылдамдығымен, трафик көлемі – лимитсіз (Таран көшесі 118, Бас ғимарат).
ЖОО-да 112 мультимедиялық кешен, оның ішінде 21 интерактивті проектор, InterwriteBoard, ActiveBoard панелі және заманауи интерактивті тақтасымен жабдықталған 24 мультимедиялық дәрісхана бар. Институтта 16 компьютерлік сынып, 4 портативті компьютерлік сынып, 3 электрондық оқу залы, 2 лингафондық сынып жұмыс істейді, корпоративтік және Интернет желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін Wi-Fi зонасы бар, IP-телефония, көпнүктелік бейне конференция байланысын өткізу және ақпарат алмасу мүмкіндігі үшін, конференц-залда пайдалану үшін әзірленген Polycom VSX 7000 бейне конференция байланысы жүйесі бар. Институт жатақханасында әр бөлмеге жергілікті желі жүргізіліп, барлық оқытушылар мен студенттердің ҚМПИ ақпараттық ресурстары мен Интернетке сымсыз қолжетімділігін қамтамасыз ететін Wi-Fi зонасы жұмыс істейді.
XP PRO, MSOffice, WindowsServer 2003, ABC, 1C, АСУ “ДЕКАНАТ”, Кабис бағдарламалық қамтамасыздандыруларының лицензиясы бар, сонымен қатар Linux, Apache, MySQL, PHP, OpenOffice атты кең қолданылатын БҚ пайдаланылады. Институт құрылымы жайлы ақпарат беретін 5 электронды сенсорлы терминал жұмыс істейді. Орташа есеппен алғанда бір дербес компьютермен күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің 4 студентінің жұмыс істеуге мүмкіндік бар.
Институттың kspi.kz атымен өзіндік білім беру сайты, lms.kspi.kz қашықтықтан оқыту сайты, journal.kspi.kz электрондық журналы, lib.kspi.kz электрондық кітапханасы бар. Электрондық поштасы: (КГПИ), (ҚМПИ кітапханасы). Институттың Instagram (KSPI.KZ), Facebook, Twitter (@KostSPI), VKontakte (ҚМПИ, Информ ҚМПИ, ҚМПИ тұлғалары, Бұл ҚМПИ, ҚМПИ студенттік кәсіподақ комитеті, Сэлфи ҚМПИ) секілді әлеуметтік желілерде де профильдері бар.
Институттың оқу үдерісін жүргізуге арналған үй-жайларының меншік құқығын растайтын құжаттары бар. Институтта 8 қабатты оқу ғимараты, оқу-өндірістік шеберхана, 365 орынға арналған жатақхана; 150 орындық асхана және 60 орындық 2 буфет; оқу-білім беру мақсаттарындағы дала станциясы; сауықтыру спорттық лагері бар. Сонымен қатар лицензиясы бар дәрігерлік пункт жұмыс істейді. Дәрігерлік пункт қажетті медикаменттермен, медициналық аппаратурамен, жиһазбен, жинайтын құралмен жабдықталған. Дәрігерлік пункт қызметі ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары мен басқа да нормативтік құқықтық құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Профессор-оқытушылар құрамы – 187 адам. ПОҚ құрамында – 4 ғылым докторы, 88 ғылым кандидаты және оған теңелген тұлғалар, 3 PhD докторы бар. ПОҚ ғылыми дәрежесі 50,8% құрайды. Қоса атқарушылар саны – 45, оның ішінде ғылым докторы – 1, ғылым кандидаты – 2. Оқу үдерісін жүргізетін оқытушылардың барлығының базалық білімі бар.
Институтта 8 оқытушы «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (Е.А.Әбіл, А.Күзембайұлы, Т.М.Брагина, О.И.Исенов, Г.З.Балгабаева, К.К.Есиркепова, Б.Ш.Баймухамбетова, Г.К.Исмагулова); 4 оқытушы – академия мүшесі (1 – Жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясы), 3 – Қоғамдық ғылымдар академиясының мүшелері (2 – Ақпараттандыру академиясы, 1 – Кәсіби тарихшылар академиясы) болып табылады.
Институттағы студенттердің жалпы саны 01.10.2016 жылға 3121 адам, оның ішінде күндізгі бөлімде – 2277, сырттай бөлімде 844. Мемлекеттік білім беру гранты бойынша 1252, ақылы негізде 1869 студент білім алуда.
Институт қызметкерлерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері 787 еңбекте (2014 – 604, 2015 – 779), оның ішінде 20 монографияда (2014 – 14, 2015 – 17), 6 ғылыми еңбек жинағы және ғылыми-практикалық конференция материалдар, 73 оқу құралы (2015 – 68, 2014 – 62), 675 мақалада (2014 – 528, 2015 – 656) көрсетілген. 2016 жылғы жарияланымдардың жалпы көлемі 980,88 баспа табақты құрайды (2014 – 967,8 баспа табақ, 2015 – 975,7 баспа табақ).
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының стратегиялық жоспары Ғылыми кеңесте әзірленіп, бекітілді (25.01.2011 жылғы № 6 хаттама).
Жоғары білім саласындағы оң өзгерістер және «Қазақстан - 2050» стратегиясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын дамытудың жаңа басымдықтарын тұжырымдауға байланысты Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 2015-2021 жылдарға арналған жаңа Стратегиялық даму жоспарын әзірлеп, бекіту қажеттілігі туындады.
2. Миссиясы және көрінісі
Миссиясы: Республика мен аймақтың кәсіби ортасына қажетті бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды сапалы даярлаумен қамтамасыз ету
Көрінісі: Қазақстанның солтүстік аймағының кәсіби-педагогикалық ғылыми-білім беру орталығы
3. Стратегиялық бағыттары
Институт ұжымының басты мақсаты – академиялық және әкімшілік бастауларды бөлу негізінде институтты басқарудың заманауи тиімді жүйесін құру арқылы 2015-2021 жылдарға арналған жаңа Стратегиялық даму жоспары ережелерін іске асыру.
Басты мақсатқа жету Институт қызметінің барлық тараптарын қамтитын келесі бағыттар бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді: