«Заманауи Қазақстандағы дін рөлі»
- Подробности
- Опубликовано: 12 марта 2015
наурызда ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай «Заманауи Қазақстандағы дін рөлі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты. Дөңгелек үстел жұмысына мұсылман және православтық конфессия өкілдері, Қостанай облысының тәжік, татар-башқұрт ұлттық-мәдени орталықтарының басшылары, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері қатысты.
Пікірталас барысында этносаралық және конфессияаралық қатынастардың түрлі аспектілері, толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері талқыға салынды. Қазақстандық қоғамның көптілділігін дамыту, мемлекет басшысының алға қойған ғаламдық міндеті – 2050 жылға қарай көптілді қоғам құру, Қазақстан азаматтарының қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде сөйлеуі мәселелері отырысқа қатысушылардың қызығушылығын тудырды.