«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»
- Подробности
- Опубликовано: 19 марта 2015
19 наурызда ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден және АНТ студент-волонтерлері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты. Дөңгелек үстел отырысында студент жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу өзекті мәселелері бойынша қызу пікірталас өтті. Пікірталас барысында мистикалық, харизматикалық жақтаушылардың психологиялық тәуелділігінің түрлі аспектілері сөз болды. Нейролингвистикалық бағдарламалау әдістері жайлы баяндама отырысқа қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Отырыс соңында студент психологтерді волонтер ретінде ҚМПИ мен ҚМУ-дің ақпараттық-насихаттау тобы жұмыстарына белсенді түрде тарту ұсынысы айтылды.