Дін саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум
- Подробности
- Опубликовано: 19 марта 2015
19 наурызда ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден және Қостанай облысы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының бастығы Н.Қ.Нөгербеков 2015-2016 жылдарға арналған дін саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған меморандум Қостанай облысы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасы мен ҚМПИ АНТ (ақпараттық-насихаттау тобы) – «Дінтану орталығы» арасындағы өзара қарым-қатынас шегін анықтайды.
Ынтымақтастық тұрақты түрде бірнеше бағытта жүзеге асырылады. Ең бірінші кезекте халықтың түрлі санатының діни сауаттылығын арттыруға, діни лаңкестік және радикалдық ағымдар мен топтар әрекетіне қарсы азаматтардың берік діни иммунитетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық және алдын алу іс-шаралары бірге өткізілді.