АНТ мүшелеріне арналған оқу семинары
- Подробности
- Опубликовано: 08 апреля 2015
2015 жылғы 8 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Алматы қаласының республикалық ақпараттық-насихаттау тобы сарапшыларының қатысуымен облыстың ЖОО мен колледж АНТ (ақпараттық-насихаттау тобы) мүшелеріне арналған оқу семинары өтті.
Семинар жұмысына ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден және «Дінтану орталығы» - ҚМПИ АНТ мүшелері С.В.Назарова, Б.Х.Альшанова, К.К.Әбілмәліков, Д.Е.Әбенов және Т.А.Еришева қатысты. Семинарда республикалық АНТ мүшесі, ақпараттық соғыс жөніндегі сарапшы Р.С.Иржанов баяндама оқыды. Өз баяндамасында ол қазіргі уақытта елімізге қарсы ақпараттық соғыстың қарқынды жүріп жатқандығын және біздің қоғам оған қарсы тұруға әрдайым дайын болу керек екендігін атап өтті. АНТ мүшелерінің міндеті – алғашқы кезекте жастарға нақты дұрыс ақпарат беру, ХХI ғасырдағы ақпараттық соғыстың амал-тәсілдері туралы біліммен қаруландыру.