Қазақстанның діни қауіпсіздік мәселелері
- Подробности
- Опубликовано: 17 апреля 2015
17 сәуірде ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И. Шаймерден және «Дінтану орталығының» ҚМПИ АНТ мүшелері К.К. Әбілмәліков пен Д.Е. Абенов Қостанай облыстық Әділет департаменті мен Қостанай аудандық Мемлекеттік табыс басқармасы (Затобол ауылы) қызметкерлерінің алдында баяндама оқыды. Баяндама тақырыбы қазіргі уақыттағы Қазақстанның діни қауіпсіздік мәселелеріне, ақпараттық шабуылға арналды. К.Әбілмәліков мұсылман, христиан діндеріндегі түрлі секталар мен діни ағымдардың жетекшілері және жақтаушылары қолданатын психологиялық тарту әдістері туралы кеңінен баяндап берді. Д.Әбенов баяндамасында бұрынғы және қазіргі уақыттағы діни қақтығыстардағы этникалық фактордың сипаттамасына тоқталып өтті. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, діни және геосаяси аспектілердегі заманауи мәселелердің өзектілігі тыңдармандардың қызығушылығын туғызды.