«Қазақстанның дамуындағы рухани құндылықтар мен ұлттық дәстүрлер рөлі»
- Подробности
- Опубликовано: 22 апреля 2015
22 сәуірде ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И. Шаймерден және «Дінтану орталығының» ҚМПИ АНТ мүшелері К.К. Әбілмәліков пен Д.Е. Абенов «Социум & Я» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері үшін оқыту семинар-тренингін өткізді. Семинар «Қазақстанның дамуындағы рухани құндылықтар мен ұлттық дәстүрлер рөлі» тақырыбына арналды.
Д.Әбенов студенттерге әлем тарихындағы этникалық қақтығыстар тарихы жайлы баяндады. Ғ.Шаймерден және К.Әбілміліков көптеген геосаяси, діни қақтығыстардағы этникалық фактордың мәнін ашып, Қазақстанның қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудағы тәжірибесіне айрықша тоқталды. Сонымен қатар олар толеранттылықтың қазақстандық моделінің бірегейлігі жайлы да айтып өтті.