«Дін саласының өзекті мәселелері бойынша полиция учаскелік инспекторларына арналған жадынаманың» тұсаукесері
- Подробности
- Опубликовано: 29 мая 2015
29 мамырда Қостанай облысы бойынша Дін істері жөніндегі басқармада «Дін саласының өзекті мәселелері бойынша полиция учаскелік инспекторларына арналған жадынаманың» тұсаукесері өтті. Аталған кітапшаны дайындауға ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден, ҚМПИ «Дінтану орталығы» АНТ мүшелері К.К.Әбілмәліков және Д.Е.Әбенов белсене атсалысты. Кітапшада облыс аумағында таралған дәстүрлі емес ағымдар мен топтардың қысқаша мазмұны, олардың қызметтерінің кері тұстары және теріс шариғат элементтері баяндалған. Сондай-ақ олардың қоғам үшін әлеуметтік қауіптілігі де жазылған.