V әлемдік және дәстүрлі діндер съезді
- Подробности
- Опубликовано: 12 июня 2015
2015 жылғы 10-11 маусымда ҚМПИ ректорының кеңесшісі Ғ.И.Шаймерден Астана қаласында «Дін және әлемнің тұрақты дамуы» тақырыбында өткен V әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне қатысты. Бесінші съезд тақырыбы саяси және әлеуметтік-экономикалық сала бағытында өтті. Бұған әлемдік экономикалық дағдарыстың екінші толқыны себепші болды. Дағдарыс салдарынан әлемнің барлық елдерінде конфессияаралық және этносаралық қатынастар шиеленісуде. Тұрмыс деңгейінің төмендеп, кедейшіліктің артуы, әлеуметтік наразылықтар діни экстремизм түрінде іске асырылуы мүмкін. Осы проблемалар V съезде талқыланған пікірталасқа арқау болды.