Қазақстанның діни қауіпсіздігі мәселелері жөнінде семинар
- Подробности
- Опубликовано: 30 сентября 2015
Ағымдағы жылдың қыркүйек айы бойы ҚМПИ АНТ – «Дінтану орталығы» мүшелері Ғ.И.Шаймерден, К.К.Әбілмәліков, Д.Е.Әбенов Қостанай облысының ауылдық жерлері мен қала мекемелерін аралап, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша дәрістер мен семинар-тренингтер өткізді. АНТ мүшелері баяндамаларында Қазақстанның діни қауіпсіздігі проблемаларына арналған мәселелер жайлы баяндады. Қазақстандағы қазіргі діни жағдай, бүгінде байқалатын негізгі жағымсыз бағыттар мен одан шығатын нақты қауіптер туралы да сөз болды.