«Этносаралық және конфессияаралық келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы»
- Подробности
- Опубликовано: 16 октября 2015
16 қазанда ҚМПИ 1 курс студенттері Қостанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының көмегімен «Нұр Махаббат» ҚБ ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Дөңгелек үстел Қостанайдағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде өтіп, этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелеріне арналды. Осы мәселені талқылауға облыстың түрлі этно-мәдени орталықтарының өкілдері, діни қызметкерлер, ғалымдар мен студенттер қатысты.