«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру жөніндегі кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 20 октября 2015
2015 жылғы 20 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында Қостанай облысы әкімдігі өкілдерінің ҚМПИ студенттерімен кездесуі өтті. Кездесуге облыстық дін істері жөніндегі департамент, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма өкілдері мен қалалық мешіттің Имамы қатысты. Кездесу «Серпін-2050» бағдарламасы жөніндегі мемлекеттік саясаттың басты мақсаты, ҚР жастар саясатын іске асыру бойынша жүргізілген негізгі жұмыстар төңірегінде болды. Сонымен қатар дін және дінге сену, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы мәселелер де қозғалды. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырып жүрген көкейдегі сұрақтарын қойып, сенім білдіргендері үшін алғыс-тілектерін айтты. Студенттер оқу жетістіктеріне айтарлықтай ықпалын тигізетін баспана жайлы мәселенің шешіліп, жақсы жағдай жасағаны үшін институтқа ризашылықтарын білдірді.