«Жастар және дәрі-дәрмек»
- Подробности
- Опубликовано: 04 ноября 2015
2015 жылғы 4 қарашада «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының өкілі Р.Т.Нұрмұқановамен студенттер үшін «Жастар және дәрі-дәрмек» тақырыбында оқу семинары өтті.
Студенттерге презентациялық материалдарды көрсету арқылы дәріс оқылды, соңынан тренинг өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты – студенттерді дәрі-дәрмектер жайлы хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулық сақтау туралы білімдері мен дағдыларын нығайту.