Студенттердің ҚІІБ учаскелік инспекторымен кездесуі
- Подробности
- Опубликовано: 06 ноября 2015
2015 жылғы 5-6 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттер үйінде Қостанай ҚІІБ, сондай-ақ институтымыздың учаскелік инспекторы А.В.Шпикинмен кездесу өтті. Кездесу жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелеріне бағытталды, сонымен қатар әкімшілік және басқа да жауапкершілікке тартылатын құқықбұзушылық жайлы сөз болды. Кездесуде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін төленетін айыппұл көлемі туралы мәселелер қозғалды. А.В.Шпикин студент жастарды азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде хабардар етіп, құқықбұзушылық, оның салдары жайлы түсіндірді. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып отырды.