Студенттік жатақханадағы кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 11 ноября 2015
Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және конфессияаралық келісімде тәрбиелеу мақсатында 2015 жылғы 11 қарашада «ҚР практик психологтерінің қауымдастығы» Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты әкімшілігімен серіктестікте Қостанай облысы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында «Жалған ислам ұйымдары: мәні және қатері» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара жатақханада тұратын студенттерге арналып, ҚМПИ №2 жатақханасының акт залында өтті.
Мемлекеттік органдар тапсырысы бойынша өтетін осы тәрізді кездесулер Қостанай қаласында ғана емес, облыс аудандарында да өткізіліп отырады. Дегенмен қазіргі таңда жастардың дәстүрлі емес діни ағымдар туралы білімдерінің аздығынан деструктивті және экстремистік ұйымдар өз қатарларына тартуы шұғыл шешім қабылдауды талап ететін басты мәселе болып табылады. Аталған мәселе мемлекеттік басқару тиімділігі мен қоғамдағы билік беделіне нұқсан келтіріп, оның әртүрлі салаларына жағымсыз әсерін тигізеді, сонымен қатар әр адамның өміріндегі тұрақсыз фактор болып табылады.Семинар жұмысына Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастығы К.Г.Әлімжанов, ҚМПИ Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі басқармасының бастығы, п.ғ.к С.Ә.Жақаева, мемлекеттік орган мамандары, мемлекеттік емес ұйымдар және ҚМПИ студент-волонтерлері қатысты.Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Н.Әбішев республикамыздағы діни ахуал мен жалған исламдық бағыттағы дәстүрлі емес діни ағымдар туралы әңгімеледі.Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының маманы Т.К.Нугманов Қазақстанда тыйым салынған жалған діни ұйымдарға сипаттама беріп, мәліметтер келтірді.Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жобасы аясында Практик психологтер қауымдастығының Жас волонтерлер мектебінде даярлықтан өткен семинарға қатысушы ҚМПИ студенттері Анастасия Бычихина мен Яна Шакирова баяндамаларында жалған емшілік және дәстүрлі емес діни бірлестіктер жайлы айтып берді.Семинар соңында студенттер Қазақстанда тыйым салынған ұйымдар, деструктивті діни ағымдар жайлы ақпараттық-әдістемелік материалдар жинап, Деструктивті діни ұйымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы және діни мәселелер жөніндегі 114 республикалық қызу желісінің жарнамасы бар үндеухаттарды алды.