ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру
- Подробности
- Опубликовано: 03 декабря 2015
2015 жылғы 3 желтоқсанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша конференция өтті.
Іс-шараға институт студенттері, оқытушылар, сонымен қатар «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Қостанай облыстық филиалының бірінші орынбасары Әлия Сүйіндікқызы Сапарова да шақырылды. Алғашқы сөз институт ректоры, профессор Қ.Баймырзаевқа, одан кейін Ә.С.Сапароваға берілді. Әлия Сүйіндікқызы баяндамасында Елбасы өзінің жыл сайынғы жолдауында жастарды назардан тыс қалдырмайтынын айтып өтті. Сөз сөйлегендер арасында қашықтықтан оқыту факультетінің деканы С.В.Самаркин, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Дастан Қалиев, 4 курс студенті, «Алтын белгі» иегері, ҚР Президенті стипендианты Айдана Өміржанова, 3 курс студенті, Студенттік Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Әмір Батыргужин, 1 курс студенті Сымбат Абир болды.