Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың мақаласын талқылау
- Подробности
- Опубликовано: 26 января 2016
2016 жылғы 26 қаңтарда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында психология-педагогика факультетінің студенттері үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласын талқылау шарасы өтті. Қазақстан Тәуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстандық арманмен аяқ басты, оның ¬басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан «2050» Стратегиясымен бара-бар. ХХІ ғасырдың ортасына қарай Қазақстан әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы керек. Жаңа арманға қарай жақындау Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын жасаудан басталды. Олар елді дамыту, экономикалық өсім мен барлық қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін жаңа лайықты жағдайлар қалыптастырады.