«Еркін пікір» Қостанай кәсіби политехникалық колледжінде
- Подробности
- Опубликовано: 11 марта 2016
2016 жылғы 11 наурызда студенттік «Еркін пікір» ақпараттық-насихаттау тобы Қостанай кәсіби политехникалық колледжінің білім алушыларына баяндама оқыды. Студенттеріміз баяндамаларын Мәңгілік ел тақырыбына арнап, Жаңа Қазақстанды құруға негіз болатын жалпыұлттық патриоттық идеялардың басты қырларын ашуға тырысты. Баяндаманың екінші тақырыбы діни экстремизм мен лаңкестік мәселелеріне арналды.