Қорытынды
- Подробности
- Опубликовано: 30 декабря 2019
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті 2019 жылы өзінің 80 жылдық мерейтойын айтарлықтай орасан көп оқиға және көптеген жұмыстармен атап өтті.
Университетімізге ҰҒА академигі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы профессор Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің есімі берілді.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖОБАЛАУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ
ЖОО өзінің білім беру бағдарламаларын жобалаудың жаңа тәсілдерін түбегейлі қайта қарап, әзірледі. 2019 жылы студенттерге білім беру процесін тартымды ету және ПОҚ-әрекетінде білім берудің белсенді нысандарына ынталандыратын жүйелерді құру өзекті деп анықталды.
Мәселен, 2019 жылы біз алғаш рет бітіруші түлектердің үлгісін ұжыммен бірлесе отырып, әзірледік. ЖОО құндылықтары анықталды, бүгінгі студент қажетті құндылықтармен өзі ғана емес, сонымен қатар білім алушыларға осы құндылықтарды қалыптастыру тәсілдеріне ие болуы керек деген түсінікті ақтауы тиіс. ЖОО миссиясы мен білім бағдарламаларын дамытудың стратегиялық басымдықтары қайта қаралды. Осы параметрлер және ББ жобалау реттілігі жоғары оқу орны басшылығы, ПОҚ-тың барлық құрамы және алғаш сайланған Студенттік Парламенттің мүшелерімен арнайы тренингтері барысында талқыланды.
ПОҚ-ты ОҚЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ
Білім бағдарламаларын жаңартудағы негізгі трендтердің бірі деп, біз - оқытушыларды оқыту стратегиясына мән бердік. 2019 жылы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті және «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған бағдарламалар бойынша 9 адам, «Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшу мәселелері бойынша» 8 оқытушы білім алды, 30-дан астам оқытушы Заманауи педагогикалық технологиялар бойынша жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоғары оқу орындарында қосымша білім алды, университеттің жаратылыстану-математика пәндерінің 10-нан астам оқытушысы орта білім мазмұнын жаңарту аясында оқытудың жаңа әдістемелері бойынша оқыды, 80-нен астам оқытушы университеттің қашықтықтан оқыту бойынша өз білімдері мен дағдыларын толықтырды, 53 оқытушы ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша арнайы курстардан өтті. Осылайша, 2019 жылы университеттің 60% - дан астам оқытушылары ЖОО-ның жаңартылған ББ-ны жүйелі түрде кешенді жүзеге асыру және одан әрі кәсіби түрде өсу үшін арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
СТЕЙКХОЛДЕРЛЕРДІ ТАРТУ
Университет бөлімдері және ПОҚ-тың ішкі қажеттілігінен тыс, нарықтың сұранысы бойынша ББ үйлестіру жолдары арқылы, университет білім беру бағдарламасын жаңартылған орта білім мазмұнымен үндестіру мақсатында 2019 жылы ЖБМ мен НЗМ мұғалімдері, облыстың білім беру басқармасы басшыларымен конструктивті түрде бір қатар жұмыстар атқарылды. 2019-2020 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жобалау топтарының құрамында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 5 өкілі, «НЗМ» ДББҰ-ның 20 мұғалімі, облыс көлеміндегі жетекші мектептердің 20 мұғалімі НЗМ тәжірибесін трансляциялау бойынша, жаңартылған ББ мазмұны бойынша пилоттық мектептердің директорлары, басқа да білім және қызмет көрсету ұйымдарының 29 өкілдері көмектесті.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖОБАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ әрбір білім беру бағдарламасы бойынша даму көрсеткіштерін бекітті. 2019 жылы жаңартылған білім беру бағдарламасында міндетті түрде ғылыми зерттеу әдістерін зерттеу есепке алынды. Оқу жоспарларының инклюзивті білім беру саласында жұмыс дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін арнайы модуль енгізілді. Ағылшын тілінде оқыту күшейтілді. ЖОО «Биология» ББ бойынша алғаш рет еңбек нарығына ағылшын тілінде оқыту ұсынылды.
Біздің университет «Атамекен» ҰКП Білім беру бағдарламалары көрсеткішінде Қазақстанның барлық ЖОО арасында 5-орынға ие болды, Үздік педагогикалық жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі бойынша (IQAA-Ranking) 3 орын, жұмыс берушілер одағының талдау негізінде республикадағы ең үздік 20 оқу орнының қатарына 15 білім беру бағдарламалары енді.
2019 жылғы Қазақстанның үздік педагогикалық жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі нәтижелері бойынша университет «Ғылым және инновацияны дамыту бойынша көшбасшы» номинациясында жеңімпаз атанды.
ПОҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Ағымдағы жылы университеттің 35-тен астам оқытушылары мен қызметкерлері әртүрлі ведомстволық наградаларға ие болды олардың ішінде: ғылым саласындағы жетістіктері үшін ҚР БҒМ төс белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» мақтау қағасымен, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісімен, Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетовтың Құрмет грамоталарымен, жоғары оқу орындары қауымдастығының медальдары, жоғары оқу орындары қауымдастығының «Жоғары кәсіби білім беру саласындағы үздік ғылыми қызметкері» және «Жоғары кәсіби білім беру саласындағы үздік менеджер» және т.б. құрметті атақтарымен марапатталды.
Сонымен қатар, университеттің 80-жылдығына орай университеттің жоғары марапаты болып табылатын «Өмірзақ Сұлтанғазин» және «Университет дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілері жарыққа шығарылды. Атап айтатын болсақ, «Өмірзақ Сұлтанғазин» және «Университет дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен Қазақстанның 100-ден астам білім және ғылым саласының қайраткерлері, оқытушылары және қызметкерлері марапатталды.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ студенттерінің олимпиада мен конкурстарға қатысу нәтижелері мен көрсеткіштері «Химия» мамандығы бойынша XI Республикалық студенттік олимпиадада жалпы командалық 1 орынға ие болды, «Дефектология» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтары бойынша 2 орын, «Педагогикалық ғылымдар» магистратура бағыты бойынша 3 орын. СҒЗЖ республикалық байқауларында студент Ю. Федерова (жетекшісі Г.К.Баубекова), Л.Жумабекова (жетекшісі М.Ж.Ордашева) 1 дәрежелі дипломмен, Л.Жумабекова және Г.Сәпи (жетекшісі М. Ж.Ордашева) 2 дәрежелі дипломмен, К.Стадник, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы (жетекшісі К. К. Сегізбаева), В.Вишняк 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының 4 курс студенті Ихсан Данияр Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының жеке шәкіртақысына ие болды.
«Горизонт» университеттің студенттер командасы республикалық интеллектуалды турнирдің «Брейн-Ринг» форматында 2 орын, IntellectASU зияткерлік сайысында 3 орын алды.
2019 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық бал билері бойынша ХКСШ «Музыкалық білім» ББ студенті Малика Муктарова республикалық «Қазақстанның 100 жаңа тұлғалары 2019» байқауының жеңімпазы атанды.
XVII Халықаралық «Алтын микрофон 2019» вокалистер байқауында «Музыкалық білім» ББ 2 курс студенті М. Нурдуллаева 3 орынға ие болды.
Биылғы жылы біздің университет Қостанай облысының ЖОО-лары арасында «СпортFest» спорт фестивалі 1 орын және «Студенттер көктемі – 2019» облыстық фестивалінде 1 орынды жеңіп алды.
Университетіміздің студенттері халықаралық спорт аренасында 11 орынға ие болды, сондай-ақ спорттың әр түрі бойынша республикалық турнирлерде 90-нан астам білім алушы жеңіске жетті. 20-дан астам студент Қазақстанның ұлттық құрамасына кірді, 4 студент халықаралық дәрежедегі спорт шебері талаптары бойынша нормативтерді орындады. 2 курс студенті, бокстан спорт шебері, жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының қола жүлдегері Рябец Надежда жыл соңында ұлттық құрамаға еніп, Токиода өтетін 2020 олимпиадасына лицензия алу үшін күресуде. Кабыл Турсынай, пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Гриценко Маргарита, дзюдодан спорт шебері, 2019 жылғы жасөспірімдер олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, «Үздік спортшы - 2019 жыл» номинациясы бойынша Қостанай облысы жастарының Алтын кітабына енгізілді.
ЖАСТАР САЯСАТЫ
2019 жылы жастар саясатын дамыту бойынша әдіс, тәсілдер жаңартылды. Алғаш рет университеттің Студенттік Парламентіне сайлау өткізілді. Адалдық комитеті құрылды оның негізгі мақсаты - университет студенттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой- санасын қалыптастыру болып табылады.
Бүгінгі таңда, Университеттің «Жылыжүрек» волонтерлер клубы қоғамға қызмет етудің жарқын үлгісіне айналды.
Құрметті достар, құрметті әріптестер! Біз ұйымшыл ұжымымыздың, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріміздің жұмысқа қабілеттілігі, зияткерлігі және ісіне адалдығы, сонымен қатар студенттеріміздің шығармашылығы мен белсенді өмірлік ұстанымдары және креативтілігі арқасында белестерді бағындырып, зор табысқа жеттік.
Бірлесе атқарған жұмыс үшін барлықтарыңызға үлкен рахмет!
Жаңа 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Ректор міндетін атқарушы Гульвира Мусабекова