«Алаш идеясы және Ұлы дала елінің мұраты» атты республикалық дебат турнирі

Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай Ақтөбе қаласында Ақтөбе пікірсайыс орталығы мен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен ақпанның 24-26 аралығында «Алаш идеясы және Ұлы дала елінің мұраты» атты республикалық  дебат турнирі өткізілген болатын. Турнирге Қазақстанның 7 облысынан (Астана, Алматы, Қостанай, Орал, Ақтау, Атырау, Ақтөбе) 20-дан астам оқу орнындарының белсенді жастарынан құралған жалпы саны 36 команда қатысты.

Турнирге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Парасат» пікірсайыс клубынан пікірсайысшылардың қатысуына институт басшылығы, әсіресе, институт ректоры Е. А. Әбіл, әлеуметтік тәрбие ісі жөніндегі басқарма басшысы С.А. Жақаева, сонымен бірге,  тарих және өнер, филология факультеттерінің декандары ат салысты. Археология және этнология ғылыми-зерттеу орталығының қызметшісі Дастан Қалиев жетекшілігімен қатысқан,филология факультетінің 3-курс студенттері Арыстан Нұралы мен Шамитдинов Азиз, сонымен қатар Тарих және өнер факультетінің 2-курс студенттері Тұрсынбек Балта мен Мешітхан Ақжолдан құрылған «Амангелді арландары» командасы республиканың мықтылары арасында бас жүлдеге ие болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Алаш идеясы және Ұлы дала елінің мұраты» атты республикалық дебат турнирі