Салтанатты гала-концерт

12.12.11

Институтымызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай арналған гала-концерт өтті. Бұл мерекежыл бойы жүргізілген барлық шаралардыңқорытындысы болды. Қонақтарды ұлттық киімдегі әсем қыздар қарсы алды. Акт залына кірер бетте келген адамдар түрлі көрмелерді мен суретші студенттердің жұмыстарын қарай алды. Институт басшысы Баймырзаев Қ. М. мен құрметті қонақтар оқытушылар мен студенттерді мақтау қағаздарымен марапаттады. Үлкен қуанышқа 3 курс студенті Ирина Ширяева ие болды, себебі ол 1991 жылдың 16 желтоқсан күні дүниеге келіп тәуелсіз Қазақстанмен бірге өз 20-жылдығын тойлау үстінде. Ректор Иринаға арнайы лентаны мен бір шоқ гүлді сыйлаған. Содан кейін жыл сайын өтетін «Менің Қазақстаным» атты көркем-өнерпаздар сайысының жүлдегерлерді марапаттау өтті. 3 орынды жантану-психологиялық факультет алды. 2 орында – жаратылыстану-математикалық факультет болса, бірінші орынды филология факультеті иеленді. Осы факультеттің деканына ректор атынан компьютер алуына арнайы сертификат берілді. Жалпы, концерт барысында институтымыздың ең дарынды жастары өнерлерін көрсетті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз