Мерейтой құрметіне!

02.04.142 мамырда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 75 жылдығына орай «Дене шынықтыру, спорт және туризм» факультетінің дайындаған мерекелік іс-шаралары қатарында Қазақстанның қуатты сарбаздарының қатысуымен Жұдырықтасудан турнир өтті. Жарыстың сот алқасын «Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы» кафедрасының оқытушысы, халықаралық санаттағы төреші Ш.К.Нұрғалиев басқарып, оған халықаралық кластағы спорт шебері, «Муай-тай бойынша Бангкок чемпионы», муай-тай бойынша әлем чемпионы, «Тайланд королі кубогі» иегері Дәулет Отарбаев (Алматы) пен халықаралық кластағы спорт шебері, муай-тай бойынша әлем чемпионаты жүлдегері, «Абылайхан белбеуі» иегері Ван Хон Тун Иван (Петропавл) сынды төрешілер белсенді көмектесті.

Турнирдің салтанатты ашылуында оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, философия ғылымдарының докторы М.Ә.Төлеген, Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі жетекшісі, халықаралық кластағы спорт шебері Н.Б.Ермағамбетов, қазақ күресі бойынша Қазақстан Республикасының құрметті жаттықтырушысы О.К.Сәрсенбаев, «Дене шынықтыру, спорт және туризм» факультетінің деканы Г.Ш.Бикташева сөз сөйледі. Жарыс соңында чемпиондар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, дипломдар тапсырылды. Жарысты тамашалауға келген көрермендер қатысушылардың тартысты да қызықты сайысына сүйсініп, деңгейлерінің спорт шеберлерінен кем түспегенінің куәгерлері болды.
Жарыс қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, облыстық «Алау» телерадио компаниясы арқылы көрсетілді.
Соревнования освещались городскими СМИ и областной телерадио компанией «Алау».

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз