ХХ «Студенттік көктем - 2014» фестивалі

15-16.05.20142014 жылдың 15-16 мамырында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ХХ облыстық жооаралық «Студенттік көктем - 2014» фестивалі өтті.
Фестивальға Қостанай облысының 6 жоғары оқу орнынан делегация қатысты. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Рудный индустриалдық институты, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ және ҚМПИ студенттері әртүрлі номинацияда өнерлерін көрсетті. Фестивальді өткізу идеясын 1995 жылы сәуір айында алғаш рет Рудный индустриалды институты ұсынған еді. Қазіргі таңда жооаралық «Студенттік көктем» фестивалі жыл сайын Қостанай облысы студент жастары арасында студенттердің рухани, мәдени жетістіктерін сақтау және арттыра түсу мақсатында дәстүрлі түрде өткізіледі.

Түрлі байқаулар, ақындар айтысы, спорттық іс-шаралармен қызыққа толы екі күн тез арада өте шықты. ЖОО студенттері «Үздіктердің үздігі» атағына бақ сынасты. Әсіресе «Студенттік көктем – 2014 аруы» байқауы ерекше есте қалды.
«Студенттік көктем – 2014 аруы» атағын Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Дина Исенғазина иеленді.
Дәстүр бойынша «Студенттік көктем» фестивалінің символикалық кілті З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетіне тапсырылды.
 
 
stud vesna 2014stud vesna 2014 2
 
 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар ХХ «Студенттік көктем - 2014» фестивалі