ҚМПИ студенті – абыройлы атақ!

02.09.2014-22014 жылдың 2 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында жаңа 2014-2015 оқу жылына арналған салтанатты жиын өтті. Кешегі түлек, бүгінгі бірінші курс студенттері Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі саналатын, биылғы жылы 75-жылдық мерейтойын атап өткелі отырған оқу орнының босағасын аттады. Институт ректоры Қ.М.Баймырзаев студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар филология ғылымдарының кандидаты, профессор С.О.Оспанов және студенттер атынан Республикалық Олимпиада жүлдегері, 1 курс студенті Татьяна Велундрузи сөз сөйледі.
Осы жылы біздің институт 900-ден астам бірінші курс студенттерін қабылдады. Олардың ішінде ғылыми жоба, халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары, сондай-ақ «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «Серпін - 2050» грантының иегерлері де бар. Салтанатты жиыннан кейін студенттер өздері оқитын факультеттерімен танысу мақсатында оқу дәрісханаларына жиналды.

Біз бірінші курс студенттеріне зор денсаулық, сонымен қатар оқуда жаңа биіктерге жетулеріне, қойылған міндеттерді іске асыруға, ҚМПИ студенті атағын жоғары дәрежеде алып жүрулеріне сәттілік тілейміз.
 
02.09.2014-1

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар ҚМПИ студенті – абыройлы атақ!