ҚМПИ – 75 жыл!
- Подробности
- Опубликовано: 24 октября 2014
2014 жылдың 23-24 қазан күндері облысымыздың белді оқу орындарының бірі, қара шаңырақ Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт өзінің 75 жылдық мерей тойын атап өтті.
Институт қабырғасында осы айтулы мерекеге орай көптеген іс-шаралар жоспарланып, өткізілді. 23 қазан күні «Заманауи жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалықконференция өтті. Онда көптеген ғалымдар өз докладтарымен мінберге шықты:
1. Ахметов Тілеген Әлмұханұлы – тәрбие жұмысы және әлеуметтік - экономикалық мәселелер жөніндегі ҚМПИ проректоры
2. Бережнова Елена Викторовна – педагогикалық ғылымдар докторы, ММХҚИ профессоры, РБА білім стратегиясы және теориясы институтының жетекші ғылыми қызметкері, Ресей, Москва қ.
4. Мақанов Жанділдә Қожахметұлы – Қостанай облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы.
5. Сүйіндікова Данагүл Жаппасбайқызы – Қостанай қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары.
Шет ел жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесулер өтті. ҚМПИ ректоры Қ.М.Баймырзаев олармен арнайы ынтымақтастық жөнінде келісімдерге қол қойды. Институтымыздың конференц-залында профессорлық-оқытушылық құрамның және институт қызметкерлерін мерейтойлық медальдармен және грамоталармен марапаттау рәсімі өтті.
24 қазан күні мерекеге арнайы келген қонақтарға институт өмірінен сыр шертер факультеттерде, мұражайларда және кітапханаларда экскурсиялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мәртебелі қонақтар қаламыздың көрікті жерлеріне барып, ұлт ұстазы Ы.Алтынсарин мұражайын аралап, мовзелейінде тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Ал шетелдік және қазақстандық ғалымдардың қатысуымен өткен конференцияда профессор Қ.М.Баймырзаев ардагер ұстаздарды мерекелік медальдармен марапаттады.
Мерекелік іс-шаралар барысында тағы бір айтулы оқиға болды. Институтымызда ғалым, мемлекет қайраткері, жерлесіміз Ш.Шаяхметтің атындағы арнайы дәрісхана ашылды. Дәрісхананың ашылу салтанатына оқытушылармен студенттер, шақырылған қонақтар көптеп жиналды. Сөз алған ҚМПИ проректоры Т.Ә.Ахметов, ақын ағаларымыз Н.Мұқатов, С.Оспанов және Ш.Шаяхметтің туғандары жиналған қауымға Ш.Шаяхметтің еліміздің білім беру саласына қосқан үлесі жайында жастарға тағылымы терең әңгіме өрбітті.
ҚМПИ-ның 75 жылдық мерейлі мерекесі салтанатты жиналыспен, мерекелік концертпен аяқталды. Онда ең алдымен сөз алған Қостанай облысының әкімі Н.М.Садуақасов жиналған қауымды мерекемен құттықтап, институтымыздың беделді ұстаздарын облыс әкімінің құрмет грамоталарымен марапаттады. Өз кезегінде ҚМПИ ректоры Қ.М.Баймырзаев облыс әкімі Н.М.Садуақасовқа білім беру жүйесіне қосқан зор үлесі үшін «ҚМПИ құрметті профессоры» медалімен марапаттады. Одан әрі докладпен шыққан ректоры Қ.М.Баймырзаев институт тарихынан сыр шертіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. ҚР Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласын қадағалау Комитетінің төрағасы С.Н.Нүсіпов министрдің жолдау хатын жеткізді. Сөз алғандар Институт түлегі Қостанай облысы білім беру жүйесін қадағалау департаментінің директоры Б.Б.Даумова және педагог ардагер В.И.Жарковалар барша жиналған қауымды игі тілектерін айтып, құттықтады. Мереке соңы институт студенттерінің және облыстың майталман өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен концерке ұласты.