Жаттықтыратын семинар
- Подробности
- Опубликовано: 23 января 2015
2015 жылдың 23 қаңтарында ҚМПИ ректорының кеңесшісі Г.И. Шаймерден техникалық-экономикалық колледждердің оқытушыларына арналған семинар жұмысына қатысып, «ҚР ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін деструктивті діни ағымдардың қызметі» тақырырыбында лекция оқыды. Осы семинардың жұмысына ҚМПИ ақпараттық-үгіттеу тобының мүшелері К.К. Абильмаликов және Д.А. Абенов қатысты. К. Абильмаликов өз баяндамасын деструктивті діндерге тарту әдістерін талдауға арнады, ал Д. Абенов баяндамасында этносаралық қатынастарға діннің ықпалын қарастырды. Бұл іс-шараның мақсаты жастар арасында құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру және толеранттылық пен конфессияаралық келісім идеясын жүзеге асыру, сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы діни экстремизмнің алдын алу, жастарды өз қатарларының арасындағы алдын алу жұмыстарына тарту.