«Нашақорлықтың алдын алу»
- Подробности
- Опубликовано: 16 февраля 2015
2015 жылғы 16 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында институт студенттерінің құқық қорғау органдары және наркологиялық диспансер қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесуде Қостанай облыстық Ішкі Істер Департаменті Наркобизнеспен күрес жөніндегі басқармасының қызметкері А.А.Кабиденова баяндама жасады. Сонымен қатар Қостанай облыстық наркологиялық диспансерінің қызметкері Г.А.Бейсембаева дәріс оқыды. Кездесу соңында «Нашақорлық» деректі фильмі көрсетіліп, студент жастар жалпы қоғамға нашақорлықтың әкелер зияны мен салдары жайлы пайдалы, танымдық ақпарат алды.