«Көңілді старт» атты эстафеталық турнир
- Подробности
- Опубликовано: 21 февраля 2015
21 ақпан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының спортзалында студенттер үйінде тұратын студенттер арасында «Көңілді старт» атты эстафеталық турнир өтті. Жалпы эстафетаның мақсаты: студенттерді саламатты өмір салтына тарту. Турнирге студенттер үйінен – «Оқжетпес», «512», «Максимум», «Бірлік», «Сұңқар» командалары қатысты. Командалар әр – түрлі сайыстардан өтіп ең мықтысың әділ қазылар алқасы шешті. Жалпы бірінші орынға ие болған 1 курс студенттерінен құралған «Оқжетпес» командасы жеңіске жетті.