ЖОО мен жұмыс берушілердің өзара әрекеттестігі бәсекеге қабілетті түлектерді даярлаудың шарты ретінде
- Подробности
- Опубликовано: 06 декабря 2016
2016 жылдың 6 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында «ЖОО мен жұмыс берушілердің өзара әрекеттестігі бәсекеге қабілетті түлектерді даярлаудың шарты ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының, Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің өкілдері, «Қостанай қ. Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» АҚҚ, қалалық мектеп-гимназия, Қостанай қаласы әкімдігі Білім Басқармасының «Дарынды балаларға арналған «Озат» КММ, Қостанай қ. колледждерінің жетекшілері, ҚМПИ декандары мен кафедра меңгерушілері қатысты. ҚМПИ оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты Кифик Н.Ю. дөңгелек үстел модераторы болды.
Дөңгелек үстел қатысушылары келесі мәселелерді талқылады:
- Эразмус + CBHE жобасын жүзеге асыру аясындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жұмыс берушілермен өзара әрекеттестігі.
- Педагогтар мен Қостанай облысы білім алушыларына қосдипломдық білім берудің мүмкіндіктері мен болашағы.
- Институт мамандықтары бойынша модульдік білім беру бағдарламаларын құруда жұмыс берушілердің қатыстырылуы.
Жоба менеджері, техникалық ғылымдар кандидаты Сухов М.В. ACADEMICA жобасы бойынша «Оқыту жоспарын дамыту және толықтыру арқылы Орта Азияда жоғары білімге қол жеткізу, жетілдіру және ACADEMICA жобасының дамуына және дайындық ерекшеліктеріне» тоқталды. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті аталмыш мәселені талқылауда белсенділік танытты.
204100 «Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» ҚР БжҒМ бюджеттік бағдарламасы негізінде екі апталық іс-сапармен келген институтуымыздың қонағы, Эразмус жобасының бағалау сарапшысы Микела Трамонти Италияның Гульельмо Маркони Университетіндегі білім жүйесі және қосдипломдық білім беру бойынша келісім-шарт жасасу мәселесіне тоқталды.
Дөңгелек үстел қатысушылары ЖОО қалалық және облыстық білім беру мекемелерімен өзара әрекеттестігі, модульдік білім беру бағдарламаларын құруға жұмыс берушілердің қатысы, оқыту жоспарына түзетулер енгізу, білім бағдарламалары бойынша құзыреттіліктерді қалыптастыру туралы мәселелерді қарастырды.
«Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» ММ директоры Карпыкова Г.У., , «Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» АҚ директоры Сапаков Д.Н., дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Огиенко Н.А., психология және дефектология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Лиходедова Л.Н. аталмыш мәселелер бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.
Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесінде қарар қабылданды:
- бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды даярлау мақсатында ЖОО мен білім беру мекемелерінің өзара әрекеттістіктерін нығайту;
- модульдік білім беру бағдарламаларын құру, оқыту жоспарларын талдау, жұмыс берушілердің талаптары бойынша құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында институт кафедраларының жұмыс берушілерді жұмылдыруы;
- ЖОО ҚМПИ педагогтары мен студенттері үшін қосдипломдық білім беру жүйесін жүзеге асыру мүмкіндіктерін дамыту;
- облыстық білім беру мекемелерімен бірлесіп ғылыми-әдістемелік іс-шараларды, пәндік олимпиадалар, семинарлар, байқаулар, дөңгелек үстел т.б. өткізуді жалғастыру;
- жұмыс берушілер өкілдерінің ЖОО жұмысының сапасын бағалау бойынша аккредиттеу агенттіктерімен кері байланыс орнатуда белсенділік танытуы;
- студенттер үшін «Мамандықтар пәндері бойынша олимпиадалық тепсырмаларды шешу», «Сабақ барысында модельдеу» элективтік курстарын енгізу;
- оқыту үрдісіне біріктірілген курстар енгізу;
- жеке әдістемеліктерге мәтінмен жұмыс жасауға қатысты жаттығуларды енгізу (мәтінді тірек-сызбаға аудару және керісінше т.с.с.)
- ПОӘК дайындауда пәндердің практикалық мазмұнын құру үшін мектеп мұғалімдерін жұмылдыру;
- • мектептік білім беру әдістемесінің түбегейлі өзгеруіне байланысты үлгілік бағдарламалардағы жеке әдістемелерді оқыту әдістемелерінің мазмұнын қайта қарастыру жөнінде ұсыныс жасау.