«Қазақстан: кеше, бүгін, ертен»
- Подробности
- Опубликовано: 28 ноября 2011
28 қараша күні Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық институтында информатика кафедрасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан: кеше, бүгін, ертен» атты кураторлық сағат өтті. Оны ұймдастырушы информатика кафедрасының аға оқытушысы Дәулетбаева Гүлсүм Байсұлтановна болды, ал қатысушылар 27-И мен 37-И топтың студентттері болды. Бұл сағат Елбасының отандастарымызға арналған сөзімен басталып,сайыс түрінде өтті. «Арғымақ» және «Тәуелсіздік құрдастары» атты екі топ белсенділік танытып, Қазақстанның тарихы туралы, бүгінгі жетістіктеріміз бен болашақта күтілетін үміттер туралы сұрақ-жауп ретінде жауап берді. Сайыс ретінде болғандықтан әрине әділ бағасын беретін төрешісіз де болған жоқ. Сонымен төреші ретінде информатика факультетінің аға оқытушылары Искакова Самал Бейсенбаевна, Хасанова Салтанат Балғабаевна және Оспанова Шынар Бектепбергенқызы болды. Ең ұнағаны соңғы «ХХІ ғасырға ақ тілек» кезеңде екі топ біздің мемлекетімізге арналған игі тілектерін білдірді.