«Әрбір адам - химик»
- Подробности
- Опубликовано: 30 ноября 2011
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің тағайындалуымен Қазақстанда 2012 жылы халықаралық олимпиада өткізбек. Ал Қостанай облысында 20 қараша күнінен бастап 30 қараша аралығында өткізіледі. Соған байланысты, Қостанай Мемлекеттiк Педагогикалық институтының қабырғасында 24 қараша күні 2-4 курс студенттерінің атқаруымен өткен химия кафедрасының ашық есік күні өтті. Ең негізгі іс-шараның ұраны «Әрбір адам-химик» және «Бізді қоршаған химия пәні» деген атау болды. Бұл сайыстың бастаушысы 4 курс студенті Кобец Тимофей,ал жауапты Важенова Н.В және де Абилова А.Б өздерінің жұмыстарын жақсы атқара білді.
«Бұл шара сіздерге ұнады ма?» деген сұраққа бәрі де бір жауап «Әрине, бұл шарадан ойға тоқитын нәрсемізді тоқи отырып және де химияның адам өмірінде қаншалықты қажет екенін түсіндік» деп бір ауызбен жауап берді.
Қорытындылай келе химия пәнінің қиыншылығына қарамастан біздің студент жастарымыздың бұл пәнге сүйіспеншілдікпен қарайтынын осы сайыстан көруге болады. Химия - бүкіл әлемнің адам баласының өмірінде ерекше рөл атқарады деп санауға болады.
Баспасөз бетінің тілшісі: Спанова Ақнұр