«Менің Қазақстаным!»
- Подробности
- Опубликовано: 02 декабря 2011
Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық институтының 2-желтоқсанында оқырман залында шағын ғана «Менің Қазақстаным!» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді. Бұл сайыс студенттердің білімін анықтау үшін, қаншалықты қазағымыздың салт-дәстүрін білетіндігін тексеру мақсатында болған шаралардың бірі болып саналады. Сайыс тартымды және қызықты болды. Жаратылыстану-математика, тарих және өнер факультеттері арасында қызықты тартыс болды. Тарих және өнер факультеті алға шығып, білімнен кем емес екендігін дәлелдеді. Атап өтсек: Доспанова Айнұр, Ахменов Насурла және Рашид Аида факультеттерінің намысын қорғап шықты. Біздің институтта студенттердің қызығына бөлеп жатқан шаралар көп емес. Осындай қызықты да тартымды іс-шаралар, тәрбиелік мәнді іс-шаралар арта берсін дегім келеді.
БО тілшісі Ақнұр Спанова