«Ақтілекпен, Астана!»

10.12.112011 жылдың 10 желтоқсанында– «Астана» күніне арналған «Ақ тілекпен, Астана!» жастар акциясы бастау алды. Акция шеңберінде «Егіннің астанасынан, елімнің Астанасына ақ тілек» атты тілектер жинағын әзірленді. Акцияны «Ел ертеңі» жастар қоғамдық бірлестігі мен Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайдан ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты Тәуелсіздіктің және Елбасы жолдауының негізгі құндылықтарын айқындау, «Ауыл жастары», «Дипломмен ауылға!», «Ауылдың көркеюі – Қазақстанның көркеюі» және «Жас саясаткер» ақпараттық насихаттау тобы сияқты жастар қозғалыстарының мәртебесін көтеру болып табылады.

Акция Қостанай облысы орталығының барлық жоғары оқу орындары мен жастар ұйымдарын қамтыды. Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайдың ғылыми қызметкері Алтыншаш Аймухамбетова, Астана қаласында өткен «Тәуелсіздік құрдастары» форумына қатысқан Наталья Шпагина, «Жас саясаткер» АНТ мүшесі Анастасия Волегова акция барысында өздерінің құттықтау сөздерін жолдады.

Акция Қостанай облысы орталығының барлық жоғары оқу орындары жалғасын тапты. Ақ тілек кітабы Астана қаласындағы мұражайлардың біріне сыйға тартылады.

 

10.12.11

10.12.11

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Оқу-әдістемелік жұмыс «Ақтілекпен, Астана!»