Пединститут оқытушылары мен студенттерге - кафедра тәжірибесі
- Подробности
- Опубликовано: 11 апреля 2014
2014 жылдың 11 сәуірінде педагогика кафедрасы апталығы аясында «ЖОО-дағы заманауи білім беру технологиялары» тақырыбында әдістемелік семинар өтті (жоо оқытушылары мен студенттер үшін).
Семинар бағдарламасына сәйкес кафедра оқытушылары жобалық оқыту технологиясы мен ойын технологияларын қолдану, сондай-ақ деңгейлі білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Семинарды педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.М. Өтегенова ашып, білімді жаңғырту жағдайында келешек педагогтердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жоо-да білім беру үрдісінде әдіс-тәсілдерді пайдалану қажеттілігін атап өтті. Ол сондай-ақ кафедра оқытушыларының бірнеше жыл бойы болашақ маманның кәсіби қасиетін қалыптастыруға бағытталған таңбалау-контексті оқыту технологиясын қолданатынын да баяндады. Жобалық оқыту технологияларын таңбалау-контексті оқыту элементі ретінде педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының доценті м.а. Т.С. Шумейко баяндады. Ол «Этнопедагогика» курсы бойынша студенттердің жобалық-зерттеу қызметтерін ұйымдастыру, оның құрылымы, орындалу кезеңі, нәтижені ұсыну тәсілдері мен бағалау белгілері жайында әңгімеледі. Аталған технологияның нәтижелілігін М-22 тобының студенттері Д. Омарова мен А. Тюрина дәлелдеп, заманауи тәрбие берудегі халықтық дәстүрлер рөлін зерттеу жобалары жайында ролик ұсынды. «Кәсіптік оқыту» мамандығының 2 курс студенті А. Гайдар баяндамасында болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуында жобалық-зерттеу қызметінің зор маңызы бар екенін айтты.
Әдістемелік семинар материалдары жас оқытушыларға институт студенттерінің оқу және ғылыми-зерттеу қызметтерін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілін жетілдіруге зор көмегін тигізеді.