«Көптілділік заманауи білімнің бір басымдылығы ретінде: жағдайы, проблемалары, келешегі»
- Подробности
- Опубликовано: 23 апреля 2014
23.04.14 сағат 15.00-де мәжіліс залында «Көптілділік заманауи білімнің бір басымдылығы ретінде: жағдайы, проблемалары, келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны шетел тілдері факультеті практикалық лингвистика кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге ҚМПИ оқытушылары мен студенттері қатысты. Сонымен қатар оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор М.Ә.Төлеген, тілдер департаментінің өкілі Т.Б.Табулдинова, көптілділік орталығының меңгерушісі Г.К.Жанбуршинова қатысты. Аға оқытушы, ф.ғ.к. Қ.Т.Нұрмұхаметова кіріспе сөзінде:
- Тәуелсіз Қазақстанның тіл саясатының мақсаты – көптілді тұлғаны қалыптастыру;
- ҚМПИ-да көптілді білімді іске асыру мәселелері секілді өзекті мәселелерді талқылауға ұсынды.
Пікірталас соңында қатысушылар басталған тақырыпты аяқсыз қалдырмай, жалғастырып, осы бағдарламаны іске асыру барысында туындаған проблемаларды бірге шешіп, ұсыныс, тәжірибелерімен алмасуды ұйғарды.