Кафедралардың әдістемелік апталықтары
- Подробности
- Опубликовано: 22 декабря 2014
2014-2015 оқу жылының жартыжылдығында төрт кафедрада әдістемелік апталық өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті (3-8 қараша), дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы (10-15 қараша), Қазақстан тарихы (17-21 қараша), орыс тілі мен әдебиеті (1-6 желтоқсан).
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы апталығының бағдарламасы: С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің туындыларынан (проза, поэзия, драма) құралған көркемсөз оқуларын, кафедра оқытушылары, студенттері және Амангелді ауданының Ы.Алтынсарин атындағы № 2, Қостанай қаласының М.Хакімжанова атындағы № 20 орта мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өткізілген онлайн-конференциясын, білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану бойынша семинарды, біліктілікті арттыру курсына барып, білімдерін толықтырып келген оқытушылардың ұйымдастыруымен өткен тренинг-семинар мен кафедраның аға оқытушысы Сейсембай Г.А. ашық сабағын қамтыды.«Елім деп жырлаған үш бәйтерек» байқауының қатысушылары С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің туындыларынан үзінділер оқып, өздерінің шығармашылық шеберліктері мен актерлік қабілеттерін танытты. Байқаудың нәтижесінде факультет деканы Есіркепова К.Қ. марапатқа ие боған студенттерге мадақтама ұсынды. Олар Сексенбай Ж. - 1 орын, Сайфуддинова Г., Мұратбеков А. - 2 орын, Жанжігітов С. мен Ибраимова М. - 3 орын.
«12 жылдық білім беру» жағдайында оқушыларға бейіналды даярлық жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында өткізілген онлайн-конференцияға Амангелді ауданының Ы.Алтынсарин атындағы № 2, Қостанай қаласының М.Хакімжанова атындағы № 20 орта мектебінің мұғалімдері қатысты. Аталмыш іс-шара 12 жылдық білім беру жағдайында эксперименталды мектептердің тәжірибесін талқылауға арналды. Мектеп мұғалімдері жаңа білім беру үрдісіне көшу жағдайында атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісті, кафедра оқытушылары мектеп бағдарламаларының мазмұны мен түлектердің ЖОО білім алуға дайындығы жөніндегі мәселелерге қатысты сауалдарға жауап алды.
«Өрлеу» Респуликалық ғылыми-практикалық орталығында біліктілікті арттыру курсында білім алған кафедраның аға оқытушылары Қанапина С.Ғ., Исова Э.Ә., Ерманова С.Б. жетекшілігімен білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану бойынша өткізілген тренинг-семинар өтті. Олар оқыту үрдісінде тиімді қолданылатын кейс-стади, жобалау тәсілдері, ассоциограмма сынды жаңашыл әдістерге тоқталды.
Кафедраның аға оқытушысы Сейсембай Г.А. «Абай Құнанбаев шығармашылығындағы даналық тағылымдары» тақырыбында өткізілген ашық семинар сабақта студенттер топтарға бөлініп, білімдерін танытты. Аға оқытушы ақпараттық технологияларды, сын тұрғысынан ойлау және проблемалық технологияларды қолданды. Ашық сабаққа қатысқан қазақ және орыс филологиясы факультетінің деканы Есіркепова К.Қ., қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Бекбосынова А.Х. аға оқытушылар Қанапина С.Ғ., Исова Э.Ә., Алиева Д.А. сабақ материалының дұрыс таңдалғандығын және технологиялардың тиімділігін атап көрсетті.
Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының апталығы шеңберінде екі ашық сабақ (Шилов И.А. және Волков С.В.), ұлттық ойындар бойынша мастер-класс (Какашев К.Т.) және анатомиялық брейн-ринг (Егорова А.М.) өткізілді.
Шилов И.А. «Сабақ – физикалық жаттығуларды меңгерту құралы ретінде» тақырыбында интерактивті тақтаны қолдану арқылы ашық дәріс сабағын өткізілді. Аталмыш дәріс ақпараттық сипатқа ие болды. Студенттер сабақ құрылымы мен заманауи дене шынықтыру сабағына қойылатын талаптармен танысты.
Аға оқытушы Волков С.В. ашық сабағы «Бір орында тұру арқылы допты беру» тақырыбындағы практикалық ашық сабағында студенттер белсенді түрде атсалысты. Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы мен оқытушының тәжірибесі 1-4 курс студенттерінің әрқайсысына баскетбол ойынының сан қырлы жақтарын ашты.
Кафедраның аға оқытушысы Какашев К.Т. ұйымдастыруымен ұлттық ойындар бойынша «Асық ату мастер-классы сабақтан тыс іс-шара ретінде студенттік жатақхананың акт залында өткізілді. Асық атудың 10-нан астам түрі көрстеілді. Студенттер аталмыш іс-шараға белсенді атсалысты.
Кафедраның аға оқытушысы Егорова А.М. ұйымдастырған анатомиялық брейн-ринг интеллектуалдық ойнына 1 курс студенттері 4 топқа бөлініп «Анатомия, спорттық морфологияның негіздері» пәні бойынша білімдерін ортаға салды. Студенттерді бағалау үшін әділқазылар алқасы тағайындалды. Олар: кафедраның студенттері мен оқытушылары және факультет ардагерлері Зотова Л.Д., Ким М.С., Виниченко Е.А. құралды. Барлық қатысушылар сыйлыққа ие болды.
Қазақстан тарихы кафедрасы әдістемелік апталығының бағдарламасында екі ашық сабақ (Бекмагамбетова М.Ж., Анасова А.Б.), екі әдістемелік семинар, Қостанай облысының тың игеру ардагерлері мен кездесу және студенттер мен мектеп оқушыларының қатысуымен интеллектуалдық ойын қамтылды. Тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Бекмагамбетова М.Ж. «Қазақстан әлеуметтік реформа кезеңінде» тақырыбындағы ашық сабағында презентация, бейнефильм, Қазақстандағы реформаларға қатысты материалдар кеңінен қолданылды.
Тарих магистрі, аға оқытушы Анасова А.Б. «Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру, оның әлеуметтік экономикалық салдары» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, студенттердің арасында пікірталас ұйымдастырып, диалог әдісін қолданды. Студенттер үш топқа бөлініп, тың жерлерді игеруге қатысты мәселелерге тоқталды. Сабақ танымдық сипатқа ие болды.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Күзембайұлының бастауымен өткен «Зерттеу міндеттерін қою әдістемесі» әдістемелік семинарына оқытушылар, студенттер, мектеп мұғалімдері мен № 115 орта мектебі мен физика-математикалық лицейінің, Әулиекөл ауданының Тимофеевка негізгі мектебінің оқушылары қатысты. А.Күзембайұлы семинарға қатысушыларын зерттеу міндеттерін қоюдың ғылыми астар мен практикалық қолданылуынан хабардар етті.
«Қазақстан тарихы сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» тақырыбындағы әдістемелік семинар тарих ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі Наурызбаева Э.К. мен тарих магистрлері, аға оқытушылар АнасоваА.Б., Абильмаликов К.К. ұйымдастыруымен өтті. Семинар жұмысына қатысқан оқытушылар жобалық оқыту, кейс-әдістер, концептуалдық карта сынды инновациялық технологияларды қолдану жолдарымен таныстырылды.
«Қостанай облысының тың игеру тарихы куәгерлердің көзімен» атты іс-шарада студенттер тың игеру ардагерлері Лемберт Л.Ф., Мейеров Л.М. және ҚМПИ тарих ғылымдарының кандидаты, профессор кездесіп, 50 жылдары тың игеруге атсалысқан жастардың еңбектерімен таныстырды. Тарих магистрі, аға оқытушы Еришева Т.А. өткізген «Тапқырлар сайысы» атты инттелектуалдық ойын 1 курс студенттері мен С.Мәуленов атындағы мектеп оқушыларының арасында өрбіді. Ежелгі әлем, мысыр, Франция, Қазақстанға қатысты тарихи мәселелер және тарихқа үлес қосқан тұлғалар мен архитектуралық құрылымдар мен ескерткіштер авторларының өмірі қарастырылды. Әділқазылар құрамына енген факультет деканының орынбасары, тарих магистрі Елкей Н.Н., археология және этнология орталығының жетекшісі, тарих магистрі Абенов Д.Е., тарих магистрі, оқытушы Тастекова Г.Б. тарих білімпаздарын анықтады. «Тарих» мамандығының 1 курс студеннтері жеңімпаз болып танылып, оқушылар марапатқа ие болды.
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы әдістемелік апталығының бағдарламасының мазмұнына Арсаева С.Б. және Сегізбаева К.К., ашық сабақтары, «Көпмәдениетті қоғам жағдайындағы коммуникация мәселелері» атты жоба сайысы және Облыс мектептерінің қатысуымен «12 жылдық мектеп жағдайында білім беруде инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбындағы дөңгелек үстел енді. «М.Жұмабаевтің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында өткізілген Арсаева С.Б. ашық сабағында ақынның өмірі ақынның өмірі жайлы бейнефильм көрсетілді.
Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Сегізбаева К.К. «Орыс тілінің фразеологиялық жүйесі» практикалық сабағында студенттер электрондық сөздіктерді пайдаланып, жергілікті газеттерді қолдану арқылы индивидуалдық тапсырмаларды орындады.
Кафедра оқытушысы Аубакирова Ю.Д. ұйымдастыруымен өткен «Көпмәдениетті қоғам жағдайындағы коммуникация мәселелері» атты жоба сайысында аталмыш тақырыпқа байланысты жобалар жан-жақты қарастырылды.
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы жыл сайын мектеп мұғалімдерін шақырып, пән бойынша мәселеледі өзара талқылайды. Ағымдағы жылы бұл дәстүр жалғасын тапты.
Мустакимова Г.В. өткізген облыс мектептерінің қатысуымен «12 жылдық мектеп жағдайында білім беруде инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбындағы дөңгелек үстелге Қостанай қаласының №7 орта мектебі, Мичурин орта мектебі, Қостанай ауданы Затобол мектеп-гимназиясының оқушылары, 4 курс студенттері, оқытушылар қатысты. Орыс тілі мен әдебиеті заманауи технологияларды қолдану төңірегіндегі мәселелер қарастырылды. Мектеп мұғалімдері проблемалық оқыту технологиясын қолдану бойынша өзара байланыс орнатуға ниет білдірді.