Көптілдік білім беру әлемдік білім беру кеңістігіне енудің негізгі шарты ретінде»
- Подробности
- Опубликовано: 20 февраля 2015
20 ақпан күні сағат 15.00, институттың мәжіліс залында Қостанай қалалық әкімдігі білім бөлімі, Назарбаев университеті, «Қостанай қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» АБҚ, қалалық мектеп-гимназиялардың, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернаты» КММ, Қостанай және Рудный қалалары колледждерінің, «Қостанай дарыны» АҒПО, «Қостанай қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖК, Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ «Өрлеу» БАҰО» АҚ өкілдерінің қатысуымен «Көптілдік білім беру әлемдік білім беру кеңістігіне енудің негізгі шарты ретінде» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысы ҚМПИ оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, (PhD) философия докторы, қауымдастырылған профессор М.Ә. Төлегеннің сәлемсөзімен басталды.
ҚМПИ «Биология» мамандығы бойынша көптілдік білім беру бөлімінің ұйымдастырылуы мен даму жұмысы туралы жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі, ҚМПИ доценті Д.Т. Конысбаева баяндады.
Биология ғылымдарының докторы, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының профессоры Т.М. Брагина, биология магистрлері, жаратылыстану кафедрасының аға оқытушылары магистры М.А., Ильяшенко Б.М. Демесенов «Биология» мамандығында көптілдік топта білім беру үрдісін ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
ҚМПИ шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты М.И. Кудрицкая көптілдікті енгізу шеңберінде «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша арнайы мәнмәтіндерді және шетел тілдерін оқыту ерекшеліктерін атап көрсетті. ҚМПИ шетел тілі кафедрасының аға оқытушысы Смагулова А.С. «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығында көптілділікті енгізудің тіларалық байланысын көрсетті.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының меңгерушісі Утегенова Б.М. көптілдік білім беру тобында Қазіргі білім беру технологиялары» курсын меңгерту жолдарына тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында ғылыми қызметкерлер, Назарбаев Университетінің докторанттары Л.Б. Йылдыз, А.З. Мухаметжанова; «Қостанай қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» АБҚ бейіндік тәжірибелік жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары Н.У. Арынгазиева; Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернаты» КММ мұғалімдері М.С. Ахметова К.А. Нугуманова; «Қостанай қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖК директоры Онищенко Е.А.; «Қостанай дарыны» АҒПО әдістемелік жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Набатникова Т.И.; Кембридждің халықаралық сараптама кеңесімен сертифицикатталған Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ «Өрлеу» БАҰО» АҚ деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Заминова И.П.; Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің «А.М. Горьков атындағы Гимназия» ММ орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Понкратова Л.Н.; Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледж оқытушылары Сейденова А.Е.; Ибрагимов М.А.; Молдабеков А.Б.; Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжі кәсіби ағылшын тілінің оқытушысы Жаркова В.В.; Қостанай педагогикалық колледжі тілдер кафедрасының оқытушылары Кушегалина А.А., Молдакаликова А.А. көптілдікті енгізу бойынша өзара тәжірибелерімен алмасып, ҚМПИ әрекеттестік жасау болашағын қарастырды.
Дөңгелек үстелдің жұмысы қарар қабылдаумен аяқталды:
- ҚМПИ әдістемелік және ғылыми мүмкіншіліктерін ескере отырып, келісім-шарт негізінде НЗМ, А.М. Горький атындағы гимназиямен т.б. білім беру мекемелерінде НЗМ базасында көптілдік білім беруді дамытып, жан-жақты қарастырсын;
- Институт кафедралары ағылшын тілінде оқытылатын арнайы пәндердің көлемін арттырсын; ҚР және алыс шетелдердегі ЖОО ағылшын тілінде оқыту мүмкіндігімен оқытушылардың академиялық ұтқырлық жұмысы жандандырылсын;
- Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының және дөңгелек үстелге қатысушылардың ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларын бірлесіп құрастыру, дамыту жолындағы еңбектерін қолдау;
- ҚМПИ көптілдік білім беру мәселелеріне қатысты білім беру мекемелерімен өзара ғылыми-әдістемелік іс-шараларды өткізу жұмыстарын жалғастырсын;
- ҚМПИ мен облыстың білім беру мекемелері мұғалімдер мен институттың ПОҚ тәжірибелерімен, оқыту материалдарымен, оқу сабақтарын ұйымдастырудың тиімді тұстарымен, оқушылар мен студенттерге жүргізілетін оқу және ғылыми зерттеу жұмыстарымен алмасу мақсатында білім беру порталы құрылсын;
- Бірлесіп шығарылған авторлық курстар, бағдарламалар, жобалар «Қостанай мемелкеттік педагогикалық институтының Жаршысында» жариялансын;
- Колледждер мен НЗМ базаларында пәндерді ағылшын тілінде оқытатын шеберлік класстар өткізілсін;
- Көптілдік білім беру топтарында білім алатын студенттер көптілдік білім беру саясатын ұстанатын мектептер мен колледждерге өндірістік практикаға жіберілсін.