Педагогтың кәсіби қызметіндегі инновациялық білім беру технологиялары
- Подробности
- Опубликовано: 25 ноября 2017
2017 жылдың 13-24 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінде педагогтарға арналған «Заманауи жағдайдағы білім берудің тиімділігін көтеру үшін инновациялық педагогиканың технологиялары мен әдістері» тақырыбы бойынша 72 сағат көлемінде екі апталық біліктілігін арттыру курстары өтті.
Курстың негізгі мақсаты: білім берудің инновациялық технологиялар және оларды педагогтың кәсіби қызметінде тиімді іске асыру жайлы білімді жүйелендіру; білім берудің мазмұнын жаңарту және сын тұрғысынан бағалау жүйесін енгізу жағдайында ұстаздың педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Білім берудегі инновациялық тәсілдер және заманауи педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін мастер-класс, оқыту тренингтары арқылы көрсетілуімен танысу курстын негізгі мазмұны.
Курста жобалық, модульдік оқыту технологияларды, интеграцияланған оқыту технологияларды, тәрбиелік технологияларды, сын тұрғысынан ойлау технологияларды және АҚТ тәжірибелік қолданылуы тындаушылар қызметін сабақта жандандыруға, керек ақпаратты өз бетімен табуға, оны дұрыс қолдануға, жаңа білімдерімен аріптестерімен бөлісуге, табысты қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Диалогтік оқытудын қолданылуы білім алушылардың интеллектуалды дамуына және олардың нәтижелігіне әсер етті. Жұптық және топтық жұмыс процессінде тындаушылар нәтижеге жету үшін бар күш-жігерін салған тең құқылы серіктестерге айналды. Диалогтік оқытудың нәтижелігін талқылай келеге, тындаушылар келесі тұжырымдамаға келді:
- оқытудағы жаңа тәсілдермен өткізілген сабақтар, білім алушының пәнге деген қызығушылығын көтереді;
- диалог бір-бірін тындауға, ақпаратты толықтыруға және оны талдауға көмектеседі; өзін-өзі дамытуға, өз білімін жетілдіруге барлық жағдай жасайды.
Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында сын тұрғысынан бағалау жүйесімен танысуда сабақтын нақты смарт-мақсаттары айқындалды, бағалаудың негізгі критерийлері талқыланып, жарияланды. Әзірленген критерийлар бойынша үлкен жұмыс жасалды: постер құрау, оларды қорғау, басқа кіші топтардың жұмысын бағалау.
Тыңдаушылар қызығушылығын шынайы өмірден түрлі жағдайлар моделін ұсынатын және оларды шешу барысында білім алушылар алынған білім мен дағдылар кешенің тәжірибеде іске асыратын Case-stady технологиясы тудырды. Осы технология бір мезгілде рөлдік ойындар, жобалар әдістер және жағдайлық талдауды біріктіреді; оқылатын пәнге қызығушылық артады, әлеуметтік белсенділік, тыңдай білу және сауатты түрде өз ойын жеткізе алу сияқты қасиеттері дамиды.
Тыңдаушылар жұпта, микротоптарда жұмыс істеді, түрлі қызықты тапсырмалар орындады: еске алды, ойланды, талқылады, өздерінің жұмыстарын ұсынды.
ЖОО оқытушыларымен (Шумейко Т.С, Шалгимбекова А.Б, Иванова Е.Н, ДемисеноваШ.М, Даулетбаева Г.Б, Абильмаликов К.К) ынтымақтасу және бірлесе жұмыс жасау кәсіби дағдыларын жетілдіру үшін үлкен мүмкіндік берді, тәжірибемен алмасу және ой-өрісін кеңейтуге жәрдемдесті.