Қарабалықта үгіт-насихат жұмысымен
- Подробности
- Опубликовано: 11 января 2019
2019 жылғы 11 қаңтарда мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызметтер басқармасының қызметкерлері Кабдрахметов Н.И. және Ковалева Н.В. кәсіптік бағдар беру (үгіт-насихат) жұмысын өткізу шеңберінде Қарабалық кентінің орта мектептеріне барды. Кәсіптік бағдар жұмысымен М. Горький (№1), А. Құнанбаев (№2) және М. Сералин атындағы орта мектептердің 60-тан астам түлектері қамтылды.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің тарихы, мамандықтары және педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері туралы, сондай-ақ 2018 жылы университетке белгілі ғалым Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімін беру туралы әңгімеледі; жастарды Қазақстанның білім беру кеңістігінде жетекші орын алатын және іргелі білім беретін – бэкграунд, ЖОО бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік беру, республикалық бюджет қаражаты есебінен де, жергілікті атқарушы органдар есебінен де бөлінетін гранттардың санымен қызықтыруға тырысты.
2019 жылы ҰБТ-ны өткізуге ерекше көңіл бөлінді. Ағымдағы жылдан бастап тестілеу жылына 4 рет өткізіледі - қаңтар, наурыз, маусым, тамыз. ҰБТ-ға қаңтар, наурыз және тамыз айларында қатысу оқуға түсушілерге ЖОО-да ақылы бөлімде білім алуға құқық береді.
Ал мемлекеттік грантты тағайындау конкурсына қатысу үшін үшінші тестілеуге міндетті түрде қатысу қажет: 20 маусымнан 5 шілдеге дейін. Ал ақылы бөлімге оқуға түсуші ҰБТ-ның біріне қатысып, өту балын жинау жеткілікті.
Оқушыларға университетте дайындық жүргізіп жатқан мамандықтар туралы ақпарат беретін үлестірме материалдар, сондай-ақ қабылдау комиссиясы мен факультеттердің байланыс телефондары ұсынылды.
Кездесу барысында мектеп ұжымдары, оқу меңгерушілері және мектеп директорларымен, сондай-ақ балалармен әрі қарай ынтымақтастық ниетімен байланыс орнатылды.
Қарабалық ауданы білім бөлімінің әдіскері Айгүл Абдолловна Нұрмұхамедоваға оқушылармен кездесуді ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін, мектеп директорларына қуанышпен қабылдағандары үшін, сондай-ақ бөлінген уақыт пен берілген кабинеттер үшін алғыс білдіреміз.
Мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызметтер басқармасы
Тел. 8(7142)54-28-49