Қазанның 31 жұлдызында «Студенттер үйі» қабырғасында суицидтің алдын алу мақсатында іс-шара өткізілді. Суицид дегеніміз - адамның өз-өзіне қол жұмсауы. Қазіргі таңда бұл дерт 15 пен 24 жас аралығындағы жастар арасында белең алып отыр. Іс-шара мақсаты- қоғамымыздың басты дерттерінің бірі болып отырған суицидтің алдын-алу жолдарын қарастыру және студенттерге кеңінен таныстыру. Ұйымдастырушысы - тарих және өнер факультеті, «Құқықтану және экономика негіздері» кафедрасы. Тарих ғылымдарының докторы, доцент Ярочкина Е.Т қатысушыларға презентация көрсетіп, өз-өзіне қол жұмсаудың негізгі себептерін атап өтті. Жастар осы тақырып аясында сұрақтар қойып, өз пікірлерін ортаға салды. Сөз соңында мынадай қорытынды жасалды: Біздің өміріміз – ең құнды байлық.
2011 жылдың 31 қазанында филология факультеті мен студенттер Альянсі ұйымдастырған, тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты жыр мүшәйрасы болып өтті. Бұл іс-шараға филология факультетінің 1 курс студенттері Ақтас Әйгерім, Тынымбаева Жанна, Сарманова Александра және Гаврик Евгения қатысып, қазақ еліне арнаған жүрекжарды жырларын тарту етті. Іс-шара мақсаты - жас ұрпақтың бойына патриоттық сана-сезімді қалыптастыру, ақынық өнерін шыңдау. Мүшәйра соңында филология факультетінің декан орынбасары Шошақова Ж.Қ. қатысушыларға алғыс айтып, шығармашылық шабыт тіледі.Қалалық жыр сайысына қатысуға үміткерлер осы жылдың 5 қазанына дейін өз шығармашылықтарын тапсыра алады
Қазанның жиырма жетісі күні тарих және өнер факультетінде студенттер арасындағы маскүнемдікті алдын алу мақсатымен кураторлық сағат өткізілді. Куратормен бірлесіп студенттер өте жақсы іс-шара дайындаған. Олар ішімдіктің денсаулығына зияны туралы әңгімеледі, сонымен қатар олар қызықты тренинг өткізді. Әрбір топ ішімдікті пайдалану жайлы арнайы плакаттар әзірлеген. Соңында жастар өздері үшін қорытынды жасады.