Наурыз айының 27 күні білім мекемелерінің оқытушыларына және мұғалімдерге арналған дөнгелек үстел мен облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысы. 13.00 – конференцияға қатысушыларды тіркеу 13.15 – конференцияның салтанатты ашылуы. ҚМПИ-ның Ректоры Қ.М. Баймырзаевтың құттықтау сөзі. 13.25 – ғылыми жұмыстар және шетел байланыстары Проректоры Е.А. Әбілдің құттықтау сөзі. 13.35 – ШТФ деканы, ф.ғ.к., ВАК доценті Е.Л. Дорошоктың «Интерактивті технологиялар арқылы шетел тілдеріне оқыту» баяндамасы. Қосымша баяндамашы тәжірибелік лингвистика кафедрасының аға оқытушысы М.Д. Жұмашев
ЖМФ нің деканаты және факультет оқытушылары мен студенттері ең көркем де сұлу қыз атағына ие болған «География» мамандығының 4 курс студенті Гинкель Регинаны «Мисс КГПИ 2013» атануымен құттықтайды. Өз кезегімізде біз толағай табыс пен алдағы мемлекеттік емтихандарын жақсы тапсырып, диплом қорғауында саттілік тілейміз. «Мисс КГПИ 2013» байқауына қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.. Өмір саған жылы сөзін арнасын, Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын. Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан, Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.
Наурыздың 20-сы күні (2013 ж.) «Химия» мамандығының 3 курс қазақ бөлімі студенттерінің ұйымдастыруымен химия кафедрасында «Наурыз мейрамы» аталып өтілді. Мерекеге «Химия» мамандығының 1-3 курс орыс-қазақ топтары түгел қатысты. Әрбір топ қазақ халқының салт-дәстүрлерінен («Қыз ұзату», «Беташар», «Бесік салу», «Сыңсу», «Асық ату») көріністер дайындады және соларға қатысты сұрақтарға жауап берді. Іс-шара топтардың өзара жарысы түрінде өтті және әділ қазылар алқасы жұмыс істеді.
Жер Ана үш ай бойы жамылған қалың тонын шешіп, күннің шуағына шомылған табиғаттың көрінісі, көктемнің ескен самал желі адам жанына шуақ сыйлайды. Дархан дала қалың ұйқыдан оянып жаңа тіршілік басталды. Осындай көктемнің жайма шуақ күнінде барша мұсылман қауымның тойлайтын Наурыз мейрамы біздің қара шаңырағымызда да тойланып өтті. Жыл басында өз еншісін алып қара шаңырақ болған Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтытының қазақ және орыс филологиясы факультеті құрылғалы біршама игі іс-шаралар аталып өтті.
19 наурызда Шетел тілдері факультетінде «Наурыз мейрамына» арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Мерекеде би биленіп, өлендер айтылды және де қазақ халқының «Қыз ұзату дәстүрі» көрсетілді. Наурыз көжеден дәм татуға: Оқу және әдістеме жұмысының проректоры М.Ә. Төлеген, ғылыми жұмыс және шетелдермен байланыстар проректоры Е.А. Әбіл, Б. Калиев, С.А. Жакаева, Морокодан келген қонақ Закария Тамми, факультет деканы Е.Л. Дорошок, кафедра меңгерушісі М.И. Кудрицкая,К.Т. Нурмухаметова, оқытушылар және студенттер. Сонымен қоса бәйшешектер мен эссе сайысы жарияланды. 36 АО тобы бәйшешектер сайысынан 1 жүлделі орынға ие болды ал, ең үздік эссе грамотасымен ШТФ 3 курс студенті Аяна Мукужанова марапатталды.
Наурыз - жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні - жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл - наурыз айының 22ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл - қыс бойғы қар көбісі сөгіліп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жанаратын шақ. Мал бағуды кәсіп еткен ата-бабаларымыздың қорада қойы қоздап, түйе боздап, бір малы екеуі болып аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін, қыс қыспағынан арқасы кеңіп, арқа - жарқа мәз - мәйрәм шаттыққа бөленетін жайдарман шағы. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміздің үй-үйді, ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы-наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін. Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойын жаратылыстану - математика факультеті атап өтті. Наурыз мерекесінде студенттер құда түсу, қыз ұзату рәсімін көрсетті. Өлендер айтылып, би билеп және наурыз көже ішті, ақ батасын химия ғылымының кандидаты Жумагалиева Батчан Мұқанқызы берді. Наурыз мерекесі өте қызықты тартымды өтті
Франкотілдік әлем елдерінің қызметкерлерінің халықарылық ұйымы – франкофония (фр. LaFrancophonie). Ұжымға кіру үшін ең бастысы француз тілін жетік меңгеруде емес, мыңдаған жылдар бойы құрылған францияның мәдениеттік байланысы маңыздырақ. 1970 жылыдан бері франкофония тіршілік етуде. Ұйымның ұраны ретіндще «Теңдік, бірін-бірі толықтыру, ынтымақтастық» деген француз нақыл сөзі қызмет етеді. (фр. égalite complémentarité solidarité).
17 наурызда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Парасат» пікірталас клубының ұйымдастырылуымен «Мемлкеттік жастар саясаты 2020 » концепциясына сәйкес арналған облыстық дебаттық турнирі өтті. Аталған турнирге жаратылыстану-математика факультетінің « Өркен» командасы (Арғынбайқызы Таңшолпан мен Байкенова Қаламқас) қатысып 3- орынға ие болды. Турнир тартысты да қызықты өтті. Біздің конманда өздерін белсенді ойындарымен таныта білді. «Өркен» командасы аймақтық турнирге жолдама алды. Біз оларға сәттілік тілейміз!
2013 жылдың 14 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Төлеген Мұхтар Әділбекұлының «Әлем тарихы, құқық және экономика негіздері» кафедрасының оқытушыларымен кездесуі өтті. Кездесуде халықаралық библиографиялық базаға енетін шет мемлекеттердің ғылыми журналында мақала жариалау үшін қойылатын талаптар талқыланды.
2013 жылдың 12 наурызында облыстық сурет галереясында 2012 жылғы Меценаттар Клубының арнайы жүлдесінің иегері, өнер кафедрасының оқытушысы А.С.Сапиевтің жеке көрмесінің ашылуы болды. Қойылымда 30 астам жұмыс көрсетілді. Кескіндеме, графика, пастель, акварельмен салынған «Алтын дала» атты көрмесі болды.