2013 ж. 24 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шетел тілдері факультетінде «Қазіргі замандағы көптілділік және кроссмәдениеттілік» атты халықаралық ғылыми-тәжіребелік конференция өтті. Конференцияға қатысқандар: ғылыми жұмыс және шетел байланыстарының ректоры Е.А. Әбіл, Эвелин Домен, PhD, Макауо қ. Университетіндегі ағылшын тілі орталығының деректоры, «Applying Teachability Theory to Error Correction for Japanese EFL University Students», Жолт Хустьи, Печс Университетінің доценті, Венгрия, Михай Фрешли, PhD, Батыс венгер Университетінің доценті, Славян Филологиясының Институты, Венгрия, ҚМПИ профессоры Оспанова А.С., «Au Kazakhstan, le francais devint une langu et utile. Le francais a Kostanay, petite ville dans le Nord du Kazakhstan» баяндамасымен

22.10.13 ҚМПИ-ның профессоры А.С. Оспановамен «Патриоттық өлендерді француз тілі сабағында қолдану арқылы мәдениетаралық байланысқа оқыту» атты шетел тілдері кафедрасында ашық сабақ өтілді. Жан Фердің «Менің франциям» атты өленіне, материалдардан сабақта талдау жасалынды. Әлеуметтік және лингвистикалық талдауға өлен презентациялары мен бейне клиптер қолданды.

Тарих және өнер кафедрасының мұғалімдері 2013жылдың 12 қазанында Әлем тарихы және жалпы қоғам пәндері кафедрасының меңгерушісі Самаркин С.В., Өнер кафедрасының меңгерушісі Сапиева М.С., Әлем тарихы және жалпы қоғам пәндері кафедрасының доценті Ярочкина Е.В., Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Байдалы Р.Ж. жоспарға сай Меңдіқара ауданының 3 мектебіне, дәл осылай 2013 жылы 24 қазанда Әуликөл ауданында - 8 мектеп (Әулиекөл ауылы 3мектебі, Өнер мектебіне, Аманқарағай ауылында 2 мектеп,Семеновка ОМ, Новонежин ОМ,) кәсіби бағдарлау жұмысын өткізіп келді.

11 қазан 2013 ж. куратор Подавец О.Д. және 45 АР староста Капанова Д. мен екеуі бірігіп «Гүлдене бер Қазақстан» кураторлық сағатын өткізді. Оған шетел тілдері факультетінің деканы Дорошок Е.Л. және кафедра құрамы шақырылды. Студенттер Қазақстан туралы өлеңдерін оқып, Отан туралы презентацияларын көрсетті.

2013 жылы 11 қазанда «Жыныстық және репродуктивті денсаулық Қазақстан Ассоциациясы» мамандарының Шабурова Н. Б., Платопкина Е. В шақырылуымен «Репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау» тақырыбына кураторлық сағат болып өтті. Ұйымдастырушылар: 39 ФР тобы, қатысқан 12 АК, 13 АК, 18 АР, 32 АК, 24 АР и 26 НР; топ студенттері.

Игі істердің қатарына "Тырналар күнін" атап өту іс-шарасы қосылып келеді. Қазанның бірі күні өткен мерекелік шара студенттер мен ұстаздар қауымына ерекше әсер етті. Ең алдымен, "Фифи" клубының төрайымы Валяева Елена Алексеевнаға сөз берілді.

Студент ол жас ғалым, жас ізденуші. Кеше ғана мектеп табалдырығын тамамдаған жас түлектер бүгінде студент атанып отыр. Сол секілді біздің киелі қара шаңырағымыз Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтының да табалдырығын аттаған 1 курс студенттері жаңа өмірдің алғашқы беттерін де ашып үлгерді. Әр аймақтан жиналып, жаңа ортаға түсіп, жаңа достар, бейтаныс қала, бейтаныс ұстаздар олар үшін бәрі жат болатын. Институт қабырғасына еніп, үйренісіп қалған студенттерді Суденттер қатарына қабылдау күні де жетті.

І курс студенттері үшін көптен күткен «Студенттер қатарына қабылдау» мерекесі 2013 жылы 27 қыркүйекте өтті. Қолдарына студенттік билет пен сынақ кітапшасын алған студенттердің қуанышында шек жоқ. Мерекенің бірінші бөлімі салтынатты концерт түрінде болып, екінші бөлімі 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен қызықты сайыс пен викториналар түрінде өткізілді.

2013 жылы 25 қыркүйекте «Парасат» дебат клубының ағылшын лигасы қатысушылары ҚМПИ мен ҚМУ-дің 3,4 курс студенттері «Бүгінгі білім беру» тақырыбы аясында нақты фактілерге сүйеніп пікірлерін ортаға салды.

25 қыркүйек күні ҚМПИ-дың акт залында тарих және өнер факультетінің 1 курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Акт залында келесі мамандықтар жиналды: «Құқық және экономика негіздері», «Тарих», «Бейнелеу өнері және сызу» және «Музыкалық білім». Мерекелік көңіл-күйге кернегін кештің шымылдығын құттықтау сөзімен факультет деканы Балғабаева Гаухар Зкрияқызы ашты

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары