2014 ж. 14-17 қаңтар аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында шетел тілдері факультетінің оқу-әдістемелік кабинеті ШТФ деканатымен және Тілдер орталығымен бірігіп «Көптілділік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру» семинар циклі ұйымдастырылды. Бағдарлама Тілдер орталығында қазақ тілінен білім сапасы мен оқыту тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған болатын. Семинарға қатысушылар шетел тілдері мен практикалық лингвистика кафедраларының оқытушылары болды.

2013 жыл, желтоқсанайының 11 жұлдызында, Жаратылыстану – математика факультеті, «Биология» мамандығының 1 курс (үштұғырлы тіл бөлімі) студенттері куратор сағатынөткізді. Тәрбие сағатының тақырыбы «Туған жердей жерболмас, туғанелдей ел болмас». Желтоқсан наразылық шеруіне қатысқан филология ғылымдарының кандидаты К.Т Нурмагамбетова мен кездесу өтті. Осы кездесу студенттердің патриоттық сезімін күшейтті.

2013 жылдың 12 желтоқсанында «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 2 курс студенттерімен «Педагогикалық шеберлік» пәнінен кафедраның аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Кушмурзина Даметкен Хажмухановна «Педагогикалық шеберліктің басты шарты. Педагогикалық эрудиция мен құзіреттілік» тақырыбында дәріс сабағынан ашық сабақ өткізді.

Желтоқсан айының 12-сінде «Алау» радиосының ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 22-жылдығына орай, «Тәуелсіздік тәңірден келген тәтті сый» атты тақырыпты талқылауға Қостанай мемлеттік педагогикалық институтының Қазақ және орыс филологиясы факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Сартай Ақжарқын қонақта болып қайтты. Қазақ қазақ болғалы, өткен тарихты, қазақтың нар кескен батырларының ерліктері жайлы, қасық қаны қалғанша тер төгіп, тәуелсіздік, еркіндік, тыныштықты жаны сүйетін, бейбітшілік, ынтымақ деп талай қан төгістің арқасында келген осы тәуелсіздік біз үшін алар орны ерекше. Біз қазақ елі «қызымыз күң болмасын деп, ұлымыз құл болмасын» деп жай жатқан елміз.

Өнер халық мәдениетінің айнасы іспетті. Ұлттық өнеріміздің ішінде өз бағасын, өз құндылығын жоғалтпай келе жатқан айтыс өнері. Желтоқсан айының 11-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай облыстық көлемде «Егемендігім – Елдігім» атты жас ақындар айтысы болып өтті. Айтыс сөз тазалығын, мәнерді, мәнер мен махам үйлесімін, суырып салмалықты талап етеді. «Өнерлі өрге жүзер» дегендей біздің де киелі қара шаңырақ Қостанай мемлекеттік педогогикалық институтында да білімді, талантты, дарынды, өнерлі жастар жетерлік.

2013 жыл желтоқсан айының 11 жұлдызында, 707 аудиторияда «Салауатты өмір салтын құрау» тақырыбында кураторлық сабақ өтті. Іс-шараны өткізген «Биология» мамандығы, орыс бөлімі, 3 курс студенттері. Сабақ барысында келесі сұрақтар қарастырылды: 1. Алкоголь зияны 2. Темекі шегу зияны 3. ЖИТС – адамзат өмірінің қатері Куратор - Орманбекова Д.О.

Желтоқсанның 9-10-ы күндері институт қабырғасында Тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай ұйымдастырылған факультет аралық көркем өнерпаздар байқауы болды. Байқауға барлық факультеттің студенттері белсене қатысты. Соның ішінде Қазақ және орыс филологиясы ұжымын ерекше атап өтуге болады. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын Қазақ және орыс филологиясы факультетінің студенттері өздерінің өнерлерімен көрермен қауымды таң қалдырып, зор ықыласқа бөленді. Бүгін ғана студент атанып жатқан Бейбітқызы Кәусардың мың бұралған биін тамашалап таңдай қақса, ал қазақтың қара домбырасының құлағында еркін ойнаған студенттерімізге қызыға да, қызғана да қарадық

09.12.13 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнін мерекелеу аясында концерт сайысы өтті, бұл күні үш факультет қатысты, соның бірі біздің шетел тілдері факультеті. Қазақстан туралы, туған өлке туралы жақсы қанатты сөздер айтылды. Жүргізушінің «Қазақстан туралы айтылған әрбір сөз – өз алдына жеке тарих» деген сөзі есте қалды. Халықта «Жақсы ұл – өмірінің мәні, жақсы халық – мағынаға ие» деген сөзі бар. Сахнаға бірінші болып «Менің Қазақстаным», Қазақстан гимнін айтуға хор шықты. Студенттер ғана емес, шетел тілдері және практикалық лингвистика кафедрасы оқытушылары сонымен бірге Франциядан келген Анаис Муреде сахнаға ұлттық би билеп шықты

2013 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қостанай облысы мұрағат ісінің 90-жылдық мерейтойына арналған бірқатар іс-шаралар өтті. Аталмыш іс-шараларға Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатынасты. - 2013 жылдың 18 қарашасында Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қостанай облысы мұрағат ісінің 90-жылдығына арналған «Ғалымдар шақырады» клубы қызметі шеңберінде «Қостанай облысының мұрағат, мұражай және кітапхана қорлары: өлке тарихын зерттеудегі ролі» тақырыбында дөңгеле стол өткізіліп, оған кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. С.В.Самаркин мен т.ғ.к., доцент Я.К.Духин қатынасты.

2013 жылдың 6 желтоқсаны күні сағат 15:00-де 210 аудиторияда тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлт-азаттық қозғалыстардың теориялық мәселесіне жаңаша көзқарас (ХҮІІІ ғ.-1992 жж. аралығы)» атты облыстық деңгейде онлайн-конференция өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары