04 қарашадан бастап 05 желтоқсанға дейін Норвегия тіл білімі институтында (NILE Ұлыбритания) шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Балжанова А.М. біліктілігін арттыру курсынан өтті. Оқу барысында Италиядан және Өзбекстаннан келген оқытушыларынан бірлескен сессиялар,тренингтер өткізілді. Ағылшын тілін оқыту мәселелері көп талқыланды. Сабақтар өте қызықты, тартымды болып өтті.

2013 жылы 5 желтоқсан күні Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары ҚМПИ Студенттер Үйінде «ҚР Құтқарушылары» атты сайыс өткізді. ҚМПИ жатақханасының студенттері сол күні өздерін құтқарушы рөлінде сезініп көрді. Сайыс зияткерлік ойын ретінде өтті. Бірінші айналымда зияткерлік тапсырмаларды орындаса, келесі айналымдарда бастапқы әскери дайындықтарын көрсетті (противогаз кию, алғашқы медициналық көмек көрсету).

2013 жылдың 5 желтоқсанында Қазақ және орыс филологиясы факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «12 жылдық мектеп жағдайында ҚР жалпы және орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

2013 жылы 4 желтоқсан күні тарих және өнер факультетінде 1-4 курстар арасында мини-футбол ойынынан дәстүрлі чемпионат өтті. Чемпионат Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Күніне орай ұйымдастырылды. Чемпионатқа студенттермен қатар оқытушылар командасы да қатысты (Утегенов Т., Елкей Н., Байдалы Р.Ж., Байкенов Е., Абильмаликов К.К.). Бірінші орынды 2 курс студенттерінің «Нью-Касл» командасы, екінші орынды 4 курс студенттерінің «Спарта» командасы, үшінші орынды 3 курс студенттерінің «Қостанай Юнайтед» командасы иеленді.

2013 жылы 4 желтоқсанда «Алау» телеарнасындағы «Көкейтесті сұхбат» бағадарламасында «Маскүнемдік – ғасыр дерті» тақырыбы бойынша ҚМПИ Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану кафедрасының доценті Баян Оразымбетоваға сұхбат берді.

2013 жылдың қарашаның 29-да Әлем тарихы және қоғамдық пәндері кафедра оқытушылары Айдналиева А.Т., Жусупбекова Г.Е., Рагатова М.О. мен «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 3 курс студенттері ұйымдастырған «EXPO-2017» іскерлік ойыны өткізілді. Ойынға 1 курс студенттері қатысты. Ойын басында тақырып бойынша презентация ұсынылды.

Тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мен жастарға сенемін» атты Республика көлемінде эссе-шығарма байқауы болып өтті. Аталған байқауға институт намысын қорғап, Қазақ және орыс филологиясы факультетінің 3 курс студенті Серікбаев Нұрмұхамед қатысты. Сайыс шарты бойынша қатысушылар өз ойын, болашаққа деген сенімін ақ парақ бетіне көркем тілмен өрнектеп, жеткізуі тиіс.

2013 жыл караша айының 29 жұлдызында, «Химия» мамандығы студенттері Еліміздің Бірінші Президенті күніне арналған кураторлық сабақ өткізілді. Қазақстан Республикасының Алғаш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жасаған еңбектері туралы студенттердің білімін тереңдету, егемен, демократиялық, және көркейіп келе жатқан мемлекет тарихындағы Елбасымыздың қосқан үлесін ашу.

Қостанай мемелекеттік педагогикалық институтының Құқық және экономика негіздірі мамандығының 4 курс студенті «Парасат» пікір-сайыс клубының жаттықтырушысы, Х-жетекшісі Қазман Ратбек Палодар қаласында өткен Тұңғыш Президент күніне арналған, Ректор кубогі үшін дәстүрлі II республикалық пікір-сайыс турнирінде «үздік спикер» атағын иеленді. Аталған іс-шараға еліміздің түпкір-түпкірінен пікір сайысшылар қатырсты. Атап айтсақ Астана, Көкшетау, Семей, Өскемен, Павлолар, Қызылорда, Шымкент және әрине Қостанай қаласынан барған делегация қатысқан болатын

2013 жылдың 25-29 қараша аралығында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Қазақстан тарихы кафедрасы оқытушылары институттың барлық факультеттерінің студенттеріне «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ғұмырнамасы мен ғылыми мұрасы» тақырыбында лекция сабақтарын өткізді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары