2013 жылдың 29 қарашасы күні Қостанай қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында 1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Елбасы және мемлекеттік тіл» деп аталтын дөңгелек үстел болып өтті. Аталмыш басқосуды облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды

Білім беру саласындағы болып жатқан өзгерістер, жаңалыққа, оқытудың тың әдістерін меңгеруге деген ұмтылыс, білім берудің заманауи парадигмаларына сәйкес әрекет етуге деген құлшыныс маман даярлауда ең басты жауапкершілікке ие болып отырған ҚМПИ оқытушы қауымынан біліктілікті көтеру мен өзара тәжірибе алмасуды, ізденіс пен кәсіби шеберлікті жетілдіруді талап етуде. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басшылығымен, республика ЖОО орындарының қолдауымен осы мақсатқа сәйкесті ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары тиімділікпен ұйымдастырылуда.

2013 жыл караша айының 29 жұлдызында, сағат 13.30 А-203 аудиториясында, Еліміздің Бірінші Президенті күніне арналған кураторлық сабақ өткізілді. Мақсаттары:Қазақстан Республикасының Алғаш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жасаған еңбектері туралы студенттердің білімін тереңдету, егемен, демократиялық, және көркейіп келе жатқан мемлекет тарихындағы Елбасымыздың қосқан үлесін ашу.

Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушыларынан құрылған ақпараттық-насихаттау тобы құрылып, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Тұңғыш Президент күніне орай ашық дәрістер мен сұқпаттар жүргізілді. Ақпараттық-насихаттау тобының жұмысы бекітілген кестеге сай орындалды. Топ құрамына кафедраның келесі оқытушылары кірді: С.В.Самаркин, Л.Я.Шевченко, С.В.Назарова, Б.Х.Альшанова, А.Б.Амантаева, И.М.Скрынский, Е.В.Ярочкина, М.В.Разуваева. 22 қарашадан 28 қараша аралығында келесі іс-шаралар жүргізілді:

28 қараша 2013 ж аға оқытушы Подавец О.Д. ағылшын тілі бойынша 4 курс арасында олимпиада өткізді. 1 орын Болгердт В. (81,5 балл), 2 орын Мукужанова А. (79,5 балл), 3 орын Рахматулина А (70 балл) көрсеткіштері бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды. Олимпиада тапсырмалары IELTS аптарына сәйкес келеді. Әділ-қазылар факультет деканы Дорошок Е.Л., шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Кудрицкая М.И., магистр Данилова В.В. мүшелік жасады.

Тәрбие сағаты 28 қараша 2013 жылы өткізілді. Бұл мерекелік іс-шара «Педагогика және психология» мамандығында оқитын 4 курс қазақ бөлімінің студенттері мен куратор Каирова Б.К. ұйымдастыруымен жүргізілді. Тәрбие сағатына Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының психология және педагогика факультетінің 1 және 3 курс студенттері, факультет деканы Айдналиева Н.А., деканның орынбасары Кузинева Е.Г., психология кафедрасының меңгерушісі Смаглий Т.И., факультет мұғалімдері Демисенова Ш.С., Тойымбетова Д.С., Калиниченко О.В., Жаркунгулова З.Д.т.б. қатысты.

Тұңғыш президент күніне орай Қазақ және орыс филологиясы факультеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастырумен қараша айының 28 күні «Ел басымыз - ерен тұлға» тақырыбында дөңгелек үстел болды. Дөңгелек үстелде оқытушылар мен студенттер өзара пікір алмастырып, осы меркелі күнге қатысты ойларын жеткізді. Сонымен қатар студенттер Елбасымыздың жолдауына және өмір жолыны қатысты баяндамаларын оқыды.

27 қараша күні жаратылыстану-математика факультетінде «Физика», «Кәсіби оқыту» және «Информатика» мамандықтарының Бірінші Президент күніне арналған «Назарбаев университеті» атты кеңейтілген кураторлық сағаты өтті

Мини-футболдан«ЖМФ бас жүлдесі, 2013» сайысында 1-4 курс студенттерінің 8 командасы мен институт қызметкерлерінің бір командасы қатысты. Жарыс олимпиадалық жүйе түрінде өтті. Сайыс нәтижесі төменде келтірілген:

25 желтоқсанда Достық үйінде «Кустанай-Костанай: очерки истории» кітабының екінші томының тысаукесері өтті. Жұмыстың қорытындысымен баспа авторы – ҚМПИ профессоры И.К.Терновой (бас редактор), ҚМПИ Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі С.В.Самаркин, тарих ғылымдарының докторы Д.М.Легкий, өлкетанушы А.В.Каратаев, жоғары санаттағы мұрағатшы М.А.Алексеенко және т.б. ой бөлісті. Тысаукесер рәсімі шағын концертпен жалғасын тапты. Аталмыш іс-шараға қатысушы студенттер, жалпы орта білім беретін мектеп ұстаздары тарихшылар мен өлкетанушылардың еңбегін жоғары бағалады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары