"Химия" мамандығының 1-ші, 2-ші курс студенттері 25-ші қыркүйекте "Тілдер күніне" арналған ақын, Ж.Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Оспановпен кездесу өткізді. Кураторлар Б.М. Жұмағалиева, Қ.А.Әбдіхалықова.

2013 жылдың 22 қыркүйегінде «Тілдер күні» мерекесіне орай қазақ және орыс филологиясы факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттері мен оқытушыларының ұйымдастыруымен «Тіл – ұлтымның жаны» тақырыбында интеллектуальды- танымдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, көптілділікті насихаттау, студенттердің танымдық деңгейлерін көтеру.

2013 жылы 21 қыркүйек күні Дене шынықтыру спорт және туризм факультетінің ұйымдастыруымен өткізілген Денсаулық фестиваліне шетел тілдері факультетінің шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.А. Бермухаметова мен студенттері белсенді түрде қатысып, волейболдан ІІІ орынға ие болды.

ҚМПИ ФКС және Т 2013 жылы 21 қыркүйекте сағат 10.00 ШТФ студенттері және оқытушылары 2013 ж. денсаулық фестивалінде қатысты. Аға оқытушы А.А. Бермухамбетованың басшылығымен ШТФ-нің қыздар волейбол тобы институт бойынша 3 орынға ие болды.

Практикалық лингвистика кафедрасының ұйымдастыруымен Тілдер мерекесіне орай «Тіл – адам жанының кілті» тақырыбына қабырға газеттерінің байқауы өткізілді. 1-3 курс студенттері арасында Қазақстан халықтарының тілдері мен салт-дәстүрлері тақырыбына факультетаралық сайыс өткізілді.

2013 жылдың 20 қыркүйегінде Көптілділік орталығының мамандары шетел тілдері факультетінің оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісімен бірлесіп ҚР Тілдер мерекесіне орай шетел тілдері факультеті мен жаратылыстану және математикалық факультетінің көптілді топ студенттеріне арнап іс-шара ұйымдастырды. Бұл іс-шара Қазақстан халықтарының тілдері мен салт-дәстүрлерін арқау еткен викторина және сайыс түрінде өткізілді.

2013 жылдың 12 қыркүйегінде Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебебап ғылыми кітапханада өнер кафедрасының аға оқытушысы М.Ж. Ордашеваның сурет көрмесінің тұсаукесері болып өтті. Оқытушының алғашқы жеке көрмесі тарихи - этнографиялық тақырыпқа арналды. Қойылған жұмыстардың ішінде – танымал әдебиет өкілдері Жамбыл Жабаев, Мухтар Ауэзов, сонымен қатар тарихи суретте қонақжай қазақ халқының үй тұрмысы, ұлттық ойындары, құсбегілік, бәйге жарыстары бейнеленген

2013 жылдың 6 қыркүйегінде сағат 14-30-да 1 курс студенттерін техникалық және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру мақсатында ҚМПИ-дің техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қауіпсіздік бөлімінің бастығы дәріс өткізіп, қажетті құжаттар толтырылды.

2013 жылы 14 маусымда оқу және әдістемелік жұмыс проректоры М.Ә. Төлеген Перпиньян, Франция қ. академиялық мобильділік бойынша байқау нәтежесін жариялау үшін комиссияны жинады. Жиналысқа қатысқандар: факултет деканы Е.Л. Дорошок, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі М.И. Кудрицкая, практикалық лингвистика каф. меңгерушісі К.Т. Нұрмұхаметова, ҚМПИ профессоры А.С. Оспанова, Көптілділік орталығының басқарушысы Г.К. Жанбушинова және кеңсе тіркеуші методисті – С.К. Сальменова.

2013 ж. 30 мамыр – 1 маусым аралығында Астана қ. Назарбаев Университетінде құрылған халықаралық семинар өтті. Семинарға Қостанай облысының француз тілінің мұғалімдері және оқытушылары қатысты. Семинар ұйымдастырушылары: Қазақстандағы франция елшілігі, бастаушы француз университеттерінің профессорлары, және де Франция және Қызақстандағы білім және мәдениет елшілігінің кеңесшілері. А.С. Оспанова Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шетел тілдері кафедрасының профессоры өзінің баяндамасында француз мәдениет орталығының, қала және облыстардың француз тілі мұғалімдерінің жұмыстары жайлы айтып өтті, францияның магистыры Axel Hernandez VIA Domiciac, Перпиньян университеті және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтымен француз – қазақ қызметтестігі жайлы баяндап өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары