2013 жылдың 30 сәуірінде құқық бойынша студенттік үйірменің кезекті отырысында Құқық және экономика негіздері мамандығының студенттері ҚМПИ оқу және әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Төлеген Мұхтар Әділбекұлымен кездесу өтті. Отырыста Мұхтар Әділбекұлы студенттерге «Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы және оның алдын-алу мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды. Кездесуде студенттер өздерін қызықтыратын және толғандырып жүрген сауалдарын қойып, белсенділік танытып отырды. Отырысқа Әлем тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., аға оқытушы С.В.Самаркин және үйірме жетекшісі, аға оқытушы, құқық магистрі М.О.Рағатова қатынасты.

Кафедра апталығы және ҚМПИ базасында өткізілген химиядан V Республикалық студенттер олимпиадасы бағдарламасы аясында 2013 жылдың 26-шы сәуірінде химия кафедрасында студенттердің М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы Д.К. Мендалиевамен кездесуі өткізілді. Мендалиева Д.К. Қазақстандағы химик-аналитиктердің ғылыми мектебі негізін қалаушылардың бірі болып табылады.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында, химия кафедрасы базасында 2013 жылдың 24-25 сәуір аралығында химиядан V Республикалық студенттер олимпиадасы өтті. Сайысқа Қазақстанның 15 ЖОО-ның командалары қатысты. Химиядан V Республикалық студенттер олимпиадасының қорытындысы. Жалпы командалық есепте: Гран-при – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті командасы (Құрамы: Сенчурова Дарья, Бакаев Думан, Цыпченко Кристина)

2013 жылдың 25 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер факультетінде «Қазақстан – 2050 стратегиясы» шеңберінде жыл сайынғы студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция сағат 10.00-де пленарлық отырыстан басталды.

2013 жылдың 5 сәуірінен 20 сәуірі аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, психология және педагогика факультетінің мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлауға бағытталған «Бастауыш мектептегі сабақтардың мультимедиялық жабдықталуы» тақырыбындағы студенттік жұмыстардың дистанциондық сайысы өтті.

2013 жылдың 20-шы сәуірінде информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Самал Бейсенбаевна Искакова, Шынар Бектепбергенқызы Оспанова және «Информатика» мамандығының 2-ші курс студенттері «Counter Strike Course» компьютерлік ойыны бойынша ҚМПИ студенттері арасында турнир өткізді. Ойынға 5 студенттен тұратын 6 команда қатысты. Ойын қызықты өтті. Студенттер бұған дейін олардың осындай ойын ойнауға не уақыт пен не орын бөлінбегенін ескеріп, мұндай еліктіргіш ойын өткізгені үшін бізге алғыс айтты.

19 сәуірде ЖМФ Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының Қазақстан Республикасының Ғылым Күніне байланысты «Студенттік ғылым және оның Қазақстан Республикасының дамуындағы ролі» студенттік ғылыми – практикалық конференциясы өтті. Конференцияны факультет деканы Қонысбаева Д.Т. ашты. Кафедра меңгерушісі Сухов М.В. Қазақстанның ғылымының дамуы жайында қысқаша баяндама оқыды. Факультет студенттері конференцияға белсене қатысты.№1 секцияның « Биология, география, химия білімдері саласындағы дәстүрлер мен жаңа идеялар» қортындысы бойынша студенттерге алты мақтау қағазы , ал №2 секция «Математика, физика және информатика ғылымдарының өзекті мәселелері» бойынша сегіз мақтау қағаздары тапсырылды.

2013 ж. 18 сәуірде 320 ауд. Берлин Фрайе-Университетінің профессоры, аға эксперті SES Фолькер Раддацпен кездесу өтті. баяндамасының тақырыбы «Шетел тілдерін оқытудағы инновациялық технологиялар». Шетел тілдері факультетінің оқытушылары мен студенттері әңгімеге белсенді қатысты Шетел тіліне оқыту әдістемесі тәжірибелерімен бөлісті. Фолькер Раддац болашақта ҚМПИ-ның оқытушыларымен, студенттерімен қызыметтес болуға ынтасын көрсетті.

2013 жылдың 17 сәуірінде сағат 10.30-да 210-аудиторияда халық батыры Амангелді Имановтың 140 жылдығына арналған online-конференция өткізілді. Кнференцияға Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары - т.ғ.д., профессор А. Күзембайұлы, т.ғ.д., профессор Е.А. Әбіл, тарих ғылымдарының кандидаттары Э.К. Наурызбаева, М.Ж. Бекмагамбетова, О.И. Исенов, Г.З. Балғабаева, тарих магистрлері Р.Ж. Байдалы, Т.А. Еришева және филология факультетінен ф.ғ.к., профессор С. Оспанов қатысты.

2013 ж. 15 сәуірде А-201 ауд. Шетел тілдері факультетінің студенттері және оқытушылары тарих мұғалімі Erin Towns және география мұғалімі Kristi Neuroth-пен кездесті. Алыс шетел мұғалімдері сабақ беру тәжірибесімен, АҚШ-тағы оқу жүйесімен, сапалы білімнің бағасымен бөлісті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттерімен және оқытушыларымен кездесуге мүмкіндік алған бағдарлама жайлы айтып берді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары