2013 жылдың 05 қарашасында Алтындала ауданы, Краснооктябрь орта мектебінде "Тарих сабақтарында оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында ашық лекция-семинар өткізілді. Бұл семинарға жауаптылар болып Исенов Ө.И., Анасова А.Б., Байдалы Р.Ж. бекітілген болатын
Қазан айының 28-жұлдызы мен қарашаның 1-жұлдызы аралығында «Қазақ және орыс филологиясы» факультеті, «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының «Жаңа формациялы мұғалім дайындаудағы филология мамандығының заманауи рөлі» атты әдістемелік апталығы болып өтті. Апталық аясында студенттердің интеллектуалдық танымын дамыту мақсатында «Асқақтай бер, айбынды ана тілім» атты сайыс, Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына арналған көркемсөз байқауы, «Жоба – ғылыми танымның бастауы» атты ғылыми жобалар сайысы өткізілді. Аталған жарыстарға 1-4 курс студенттері белсене ат салысып қатысты. Бірінші қарашада апталықтың жабылу салтанаты болып, белсене қатысқан студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.
Апталық аясында студенттердің ғылыми танымын жетілдіру, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ғылыми жобалар сайысы болып өтті. Сайысқа 2-3 курс студенттері арасынан бес жоба алынып, қазіргі қазақ тілінің өзекті мәселелеріне, емлесіне байланысты тақырыптар қозғалып, талқыға түсті. Қатысушылардың арасынан «Жарнама тілі қашан жөнге келеді?» атты тақырыппен 3-курс студенті Шамганова Жансаяның жобасы үздік деп танылды.
Қазан айының отызыншы жұлдызында Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына арналған көркемсөз байқауы болып өтті. Байқауға «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-3 курс студенттері қатысты. Қатысушылар проза, поэзия, драма жанрлары бойынша бақтарын сынап, жүзден жүйріктері алға озып шықты. Бірінші орынды 1-курс студенті Бұхарбаева Гүлдана, екінші орынды 2-курс студенттері Мұратбеков Алмас пен Эливбаева Жадыра, 1-курс студенті Ақбаба Нария жүлделі үшінші орынды иеленді.
Өнер кафедрасының оқытушылары Шегай Юлия Георгиевна (академиялық вокал) мен Белозер Людмила Петровна (концертмейстер) 2013 жылы 26-27 қазанында Астана қаласында өткен, бірінші республикалық «MUSIC - SOUVENIR KZ» музыкалық шығармашылық байқауына қатысып, «Акалемиялық вокал» номинациясы «оқытушы - солист» санатында 1 орын лауреат жеңіп алды.
2013 жылы 27-қазанда дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Панияз Айнұр Паниязқызы «Тұңғыш Президент» күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты «Туризм» мамандығының 2 курс студенттеріне ашық кураторлық сабақ өткізді.
Шет тілдері кафедрасының апталығы аясында 21.10.-26.10.2013 ж. ф.ғ.к., ВАК доценті Исмагулова Г.К., аға оқытушылар Дощанова Б.М., Рахметова А.А., әдіскер Иванова Е.С. 24 қазанда 3-4 курс студентер және оқытушылар арасында ғылыми жұмыс бойынша көрме өткізілді. Шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Кудрицкая М.И. «Modelling a foreign language class» интерактивтік лекция өткізді, студенттер лекцияға белсенді қатысты.
2013 жылдың 25 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында Республикалық деңгейде Төле бидің 350 жылдығына арналған "Төле биім – төбе биім тірегім" атты байқау болып өтті. Аталған іс-шараға қазақ және орыс филологиясы факультеті "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының ІІІ курс студенті Серікбаев Нұрмұхамбет қатысып қайтты. Байқаудың проза, поэзия және драмалық қойылым қойып бағын сынаған Нұрмұхамьет Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген сайыскерлерді басып озып, өзінің білімін, таланттылығы мен талаптылығын дәлелдеп, жиырма сайыскердің ішінде жүлделі үшінші орынға ие болды.