Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы аль-Фараби атындағы ҚазҰУ Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасымен бірге 03.04.2014 жылы «Қылмыстық - құқық пәндерді оқытудағы инновациялық технологияларды қолданудың қазіргі кездегі жағдайы» атты онлайн-семинар өткізді. Алғы сөзбен оқу және әдістемелік жұмыстары бойынша проректор, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы шықты, ол осы тақырыптың маңызды екеніне көңіл аудартты.

1 сәуірде ҚМПИ «Фифи» бёдвочер клубы Науырзым ЭБМ/ЕҚ ҒЗО және ҚБСА РҚБ қолдауымен «Құстар күні - 2014» мерекесін атап өтті. Мерекеге жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасы «Биология» мамандығының 1 және 2 курс студенттері, клубтың жоғарғы курстағы мүшелері, декан орынбасары Ахметчина Т.А. және кафедра оқытушылары белсене қатысты. Мерекеге қатысушыларды клубтың кураторы, б.ғ.д., профессор Брагина Т.М. және ғылыми консультант б.ғ.к., доцент Валяева Е.А

Наурыздың 12 мен 17 аралығында өнер кафедрасы әдістемелік апталығы өткізілді. 25 наурызда сағат 16:30-да «Академиялық сурет» пәні бойынша «Адам келбеті» атты ашық сабақ өтті (жауапты: аға оқытушы Хамилин Е.А. ) 26 наурызда, сағат 12:30-да Музыка мамандығының 1-4 студентеріне арналған, Қазақстан республикасының мәдиниетіне еңбек сінірген қайраткері К.Дерипсалдин мен Қостанай облысының Меценаттар клубының «Шабыт» премиясының лауреаты А. Муқатовпен «Музыкант мамандығына жол ашу» атты шығармашылық кездесу өтті. (жауапты: аға оқытушы Дүбірбаева Б.Т., концертмейстер Ақбүжурова С.Ж.). 27 наурызда сағат 10:30-да «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенті Алмат Тұрсынбаевтын жеке шығармашылық көрмесі өтті. (жауапты: оқытушы Архипова К.Г. ).

2014 жылдың 21-25 наурыз аралығында өнер кафедрасының оқытушылары Шегай Юлия Георгиевна (академиялық вокал) және Белозер Людмила Петровна (концертмейстер) Рим қаласында өткен «PRIMAVERA ROMANA» атты I Халықаралық музыка өнер конкурсна қатысып лауреат атанды (III орын) және «Академиялық вокал» мен «Оқытушы-солист» номинациясын жеңіп алды. Членами жюри были следующие музыканты: Riccardo Marini – фортепиано. Профессор, Римде "С. Сесилия ".арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушісі Giuseppe Crosta – скрипка. Римде "С. Сесилия" консерваториясының доценті. Миланада скрипка консерваториясын және фортепанно сыныбын бітірді. Ал Генуе у Коррадо Романода аспирантураны бітірді

Жұмабаева Әсия Мұратқызы шетел тілдері факультетінің студентімен ЭКСПО-17 арналған "English on the move" инновациондық жобасын жасады.Осы аталған жоба ұялы телефонның қосымшасы болып табылады. Ағылшын тілді оқу жобаның басты мақсаты болып саналады.Қай жерде болсанызда көлікте, автобуста, паркте серуендеп жүрсеніздер өленнің орнына ағылшын тілінде "English on the move" тындасаңыз көңіл күйіңіз көтеріледі.

2014 жылдың 17 наурызында ШТФ оқу-әдістемелік кабинеті мен көптілділік Орталығының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына орайластырылған «Ұлттық ойындар» викторинасы өткізілді. Бұл іс-шараға Греноболь қаласындағы Француз университетінің магистранты, ҚМПИ Француз орталығының оқытушысы Анаис Мурэ және АҚШ-тан келген волонтер Каролин Бэрроу қадірлі қонақ ретінде шақырылды. Викторнинаға қатысқан ШТФ мен ЖМФ көптілді топ студенттері қазақ және ағылшын тілдері бойынша, сондай-ақ халқымыздың салт –дәстүрлері бойынша өз білімдері жоғары дәрежеде көрсете білді. Шетел қонақтарын қатыстыра отырып, ұлттық ойын ойнап, кешті қызықтыра түсті.

15 наурызда ҚМПИ жаратылыстану-математика факультеті студенттері «Жүрек жылуы» атты акциясын өткізді. Акцияның жалғасы ретінде біз С.А. Назарбаева жетекшілігімен «Бөбек» қоры ұйымдастырған ММ «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар үйіне бардық.

2014 жылдың 12 науырызында ҚМПИ студенттер жатақанасында психология кафедрасының оқытушылары : Кан Ж.И., Ташетов А. А., Тойымбетова Д.С., Калиниченко О.В., Жаркунгулова З.Д. және «Педагогика және психология» мамандығының қазақ және орыс бөлімдерінің 3 курс студенттері: Кульшанова Г., Нурманова А., Сейлханова А., Дутпаева С., Сейлханова А. және«Психология» мамандығының 2 курс студенттері Дощанова Л., Метельская Ж., Слипенко Р. қатысуларымен өткізілген тұлғааралық қарым–қатынасқа арналған психологиялық тренинг өткізілді.

6-наурыз күні психология және педагогика факультетінің 1,2-курс студенттері 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Әрбір әйел бақытты болу үшін жаралған»атты керемет кеш өткізді. Кеште дарынды студенттер өнерлерін көрсетті. Кештің басын «Қыздар-ай» әнімен дефектология мамандығының 1-курс студенті Ерназаров Асылжан бастап берді.

2014 жылы 5 наурызда кафедра апталығы аясында сағат 17.00-де Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттер үйінің акт залында жаратылыстану-математика факультетінің «Информатика және компьютерлік технологиялар» кафедрасының кураторларымен «Көктем аруы» атты іс-шара өтті. Ұйымдастырушы аға оқытушылар Хасанова С.Б., Айтбенова А.А., Ерсултанова З.С. және информатика мамандығының І– ІІІ курс студенттері.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары