2014 жылдың 19 қыркүйегінде психология және педагогика факультетінде 1 курс студенттерімен "Отбасы - тәрбие бастауы" атты тәрбие сағаты өтті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі тек біздің қоғамда ғана емес бүкіл дүние жүзінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жастарға отбасында өнегелі тәрбие беру арқылы «Мәңгілік ел» болып қалу, ата-бабаларымыздың мұра етіп кеткен рухани құндылықтарын сақтап, оны келер ұрпаққа мұра ету» бүгінгі күннің талабы екенін баса айтқан.

Іс-шара 2014 жылы 18 қыркүйекте Достық үйінде өткізідлі. Іс-шараның тақырыбы – «Тілдер күні». Іс-шараға 3 курс студенттері 35 АО қатысты, оқытушылары К.С. Кускадамова және В.В. Данилова . К.С Кускадамова шетел тілінің зерртеу мағынасы жайлы және мультилингвализмге қатысты кнес өткізді. В.В. Данилова қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде өлеңдер оқыды. Іс-шара достық мінезді және мәдени бағытта өткізілді.

Қыркүйектің 17 күні Шетел тілдері факультетінің педагогикалық ұжымы «Мектепке жол» атты балаларға арналған әлеуметтік көмек акциясына қатысты. Чапаев атындағы мектепте оқитын Мукашевтар отбасынан 3 оқушыға мектепке арналған құрал-жабдықтар және нәрселер сатып алынды. Отбасында бір анасы жұмыс жасайды, ал әкесі қатты науқас. Отбасының өтініштері бойынша сұратылған заттардың барлығы алынды. Балаларға күзгі аяқкиімдер, иыққап, дене шынықтыру сабағына арналған киім және кеңсе тауарлары сатып алынды. ШТФ кәсіп одақ төрайымы Бурмагинаның басшылығымен заттардың барлығын балалар өздері тандап алды. Балалар да, оқытушылар да риза болып қалды.

17 қыркүйекте жаратылыстану-математика факультетінде 1 курс студенттері үшін «Жүрек ауруға шалдығудың алдын» семинар-тренингі өткізілді. Кездесуге Қостанай облыстық орталығының координаторы Ташенова Р.К. және Қостанай облыстық дәріхананың дәрігері кардиолог Заженов Д.Г. қонақ ретінде шақырылды.

2014 жылдың 10-16 қыркүйек аралығында Бишкек қаласында Азия чемпионаты өтті. Педагогика және психология мамандығының 2 курс студенті Ақпаленов Марс пауэрлифтингтен «Алтын алқа» иегері болып, Азия чемпионы аталды.

Қыркүйектің 4 күні ҚМПИ конференц-залында өткен «Серпін - 2050» бағдарламасын ұйымдастырушылары мен «Өрлеу» ұлттық орталығының директорлар кенесінің төрайымы, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасының республикалық ұйымдастырушылық кеңесінің төрағасы Абенов Мұрат Абдуламитұлымен кездесуде ШТФ 1 курс студенті Еркінбек Аселге алғыс сөз айту тапсырылды

1984 жылғы түлектердің кездесуі 2014 жылы 29 маусымда ҚМПИ Шетел тілдері факультетінің базасында өткізілді. Шетел тілдері факултетінің оқытушылары (Данилова В.В., Кусаинов С.С.) «Өткеннің толқындарымен – тағы бірге» атты презентация жасады. Дәрісхана түлектердің суреттерімен және ұжымның даму сатысындағы көрнекіліктерімен безендірілді. Түлектердің әрқайсысы тұлға мінездемесі қамтылған естелік медальдарымен марапатталды. Оқытушыларға гүлдер және ашық хаттар сыйланды. Бұл кездесу ҚМПИ-ның 75 жылдығына арналған мерекелердің біріне айналды.

2014 жылы 12 маусымда Шетел тілдері факультетінде дипломдардың салтанатты тапсырылысы орындалды. 82 студент мамандандырылған педагогтар қатарына енді. 17 студент ғылыми зерттеулері үшін ҚМПИ шетелмен байланыстар проректоры, тарихи ғылымының докторы, профессор Әбілдің қолынан қызыл диплом алды. Проректор түлектерді құттықтап, өз ісінің мамандары болып, болашақта үлкен жетістіктерге жетулерін тіледі. Студенттік өмірге белсенді қатысқан оқуы үздік студенттердің ата-аналарына алғыс хаттар беріліп, белсенді қоғамдық қызметтері үшін марапатталды.

Өнер мамандығына түсуші талапкерлерге келесі мағлұмат: Бейнелеу өнері және сызу (Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі, дизайнер) Музыкалық білім (Музыка мұғалімі және мектепке дейінгі балалар мекемесінің музыка жетекшісі) Музыкалық білім (музыка мұғалімі және қосымша білім педагогі) Музыкалық білім (Музыка мұғалімі және педагог – музыкалық көркемдік жұмыстарын ұйымдастырушы).

2014 жылы 3 маусымда Франция өкілетті елшісі Франсис Этьен мырза біздің институтқа сапар шегіп қайтты. Сапардың бағдарламасына Француз мәдениет орталығына барып француз тілінің оқытушылары мен француз тілінің мұғалімдерімен кездесу кірді. Сонымен қатар, елші мырза француз тілін оқып жүрген студенттермен кездесті. Франсис Этьен мырза кездесуді француз тілінің даму тарихы мен оның қазіргі кездегі мәртебесі жайлы дәрістен бастады. Оқылған дәріс студенттерде көптеген сұрақтар тудырып кездесу жылы лебізді әңгімеге ұласты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары